Бірлестіктің әдістемелік тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы зерттеу дағдысын қалыптастыру Мақсаты: Оқушылардың ойлануына ,әртүрлі идеялар мен пікірлердің туындауына,оқушылардың өз пікірлерін толық айтып өзін өзі бағалауына жағдай жасау. Міндеттері:1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу. 2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. 3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету. 4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Күтілетін нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлау - бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Сын тұрғысынан ойлау - оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.
Сын тұрғысынан ойлау - шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:
Есте сақтау;
Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;
Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;
Сын тұрғысынан ойлау: Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды.Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады.Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады. Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.