Білім алушылардың іс-әрекеті/ Действие обучающихся
І. Сабақтың басы (10 минут)
Үш тілде амандасу
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning,students!
Танысу.
Жоқ студенттерді белгілеу, бірыңғай талаптардың орындалуын қадағалау.
«ГҮЛ» әдісіарқылы психологиялық ахуал тудыру
«Гүл» ойыны
ІІ. Сабақтың ортасы (25-30 минут)
Жоспар: 1. Еңбекке үйретудін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері
2. Көркем еңбек пәнінің басқа ғылымдармен байланысы
3.Көркем еңбек пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында көркем еңбек сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сүйеніп құралатын оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Көркем еңбек сабағының мазмұнының құрылымы 4 блок бойынша оқытылады.
І. Тұрмыстық еңбек. 1. Киімді күту, жөндеу (жамау)
2. Бөлмені, сыныпты тазалау.
ІІ.. Дизайн 1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.
2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.
3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.
4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар
ІІІ. Техникалық еңбек 1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс.
2. Құрастыру, техникалық үлгілеу.
3. Ағашпен жұмыс.
4. Металлмен жұмыс.
ІҮ. Көркем еңбек 1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.
2. Матамен жұмыс.
3. Қолданбалы қолөнер.
2. Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері) мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.
Мысалы: Сыныптағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.
Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.
Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.