Іш пальпациясында қатты ауру сезімі және іш пердені тітіркендіру симптомы оң, кейбір жерлерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады, оның шекарасы адам денесінің қозғалысына байланысты болады.
Бимануалды тексергенде – жатырдың қатты қозғалуы (“жүзетін жатыр” симптомы), жатыр мойнын қозғағанда қатты ауру сезімі, артқы күмбездің салбырауы және өте қатты ауру сезімді болуы («Дуглас айғайы»).