«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәні бойынша 50114 «Тарих» мамандығының курс студенттеріне арналған


Барлығы 15 Студенттердің өздік жұмысы



бет15/72
Дата20.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#25948
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
«Отан тарихыны зекті м селелері» п ні бойынша 050114 «Тарих» м

Барлығы

15


Студенттердің өздік жұмысы

Пән бойынша студенттердің өздік жұмысының мазмұны семинар, тәжірибелік сабақтарға және ОСӨЖ-ге дайындығынан тұрады. Сондықтан бұл бөлімде СӨЖ-дің әр тақырып бойынша мазмұны ғана берілген.






Тақырыптың атауы

СӨЖ мазмұны

Сағат саны

1

Туған өлке тарихы бойынша библиография құрастыру

жазбаша жұмыс


10

2

Тарихи өлкетанудағы ауызша деректер

реферат рецензия


10

3

Топонимикалық материал жинақтау:

1. Туған өлке бойынша

2. Орта Азия территориясы бойынша


реферат

10

4

Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштерінің ерекшеліктері

Хабарлама жасау, талдамалы анықтама жасау. Ауызша және жазбаша

5

5

Қазақстандағы әйгілі сүретшілердің шығармашылығы

(Ә. Кастеев, С. Романов, Х. Наурызбаев,

А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, Е. Сидоркин)


Терминдер мен хабарламалар жасау. Ауызша және жазбаша.

5

6

Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.

Тарихи оқиғалардың жүйелілігі мен өзара байланысын дәлелдеу. Жазбаша және ауызша.


5

Барлығы

45


Дәріс сабақтарының тезистері.

1 -Тақырып: Тарихи өлкетану пәні, оның мақсаты мен міндеттері


1.Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы

2.Өлкетану жұмыстарының негізгі мазмұны. Зерттеудің әдістері мен принциптері

3.Мектептегі өлкетану жұмысы

1.Өлкетанудың ғылым ретінде пайда болуы

Ғылыми пән ретінде өлкетанудың өзінің зерттеу объектісі бар табиғатты, халық, экономикасы, тарихы, өлкенің өнері. Негізгі дерек ретінде « Өлкетанудың библиографиясы», «басқа деректері», «статистикалық мәліметтері», «тарихи ескерткіштері»және т.б.

Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.

Өлкетану-мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені.

«Қазақстан

Республикасында тарихи сана қалыптасуыны тұжырымдамасында» айтылған: «Тарихи ағарту және тәрбиелеу жастарды өз халқының рухани әлеміне баулуға, оның мәдениетінің, тарихының тамырларын үйрету, халық поэзиясы, музыкасын, бейнелеу өнерін түсінуге ықпал ету. Осы мақсаттарға орай өлкетану жұмысын жаңғырту, тарих, мәдениет және табиғат ескерткіштерін қорғауды күшейту керек» /1/.

Қазіргі уақыттың үлгісінің бірі - ұлттык; және жалпы адамзаттық терең туыстық сезімі арқылы өтіп жатқан, өзін-өзі анықтау мен ұлттық жаңғыру процестері. Ұлттық тарихты бізге білу қажет, себебі онда жаңа қоғам құрылысшыларының, қасиетті күш-куаты жинақталған. Патриотизм, бабалар ісіне деген мақтаныш әр адамда болуы керек.

Өлкетанудың көрнекті өкілдерінің ойларының творчестволық мұрасын зерттеу, отандық мектептің өзгешілігін анықтау, осы мәселелермен айналысу қазіргі күндері өте қажет. Тарих ғылымы бос сөздерден біртіндеп айырлып келе жатқан кезде, тарихи шындықты орнату ұмыт қалған есімдерді қайтару қажет.

Өлкетану әлеуметтік-мәдени тәжірибенің көптеген саласында маңызды орын алады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеуде, мемлекеттік архив, мұражай қорларын жинақтауда, халықтың тарихи сезімін қалыптастыруда тарихшылар мұражай мен архив кызметтері көп жағдайда соған байланысты болады.

Маңызды мәселе бірақ, әлі күнге дейін қазақстандық өлкетану әдебиеттерінде көрініс таппаған, отандық мұражайтану және өлкетану ойларын зерттеу тарихи мәселелері болып табылады. Оның үстіне көрнекті ғалымдар Қазақстанды зерттеуге қосқан үлесін талдау қажеттілігі, баяғыдан бері пісіп-жетілді.


Бұндай іс атқарылмаса кейбір маңызды мәселелерді анықтау, ғылыми зерттеулердін, болашақ бағыттарын белгілеу және қазіргі өлкетану саласында өңдеу жұмысын жүргізу мүмкін емес.

Қадір-қасиеттік деп шарты атауға болады, ол отандық өлкетану ойын шынайы басымдылыққа жеткізу қажеттілігі мен өлкетану ісінің теориясының тарихы мен өркендеуіндегі көзге көрінбейтін билік кұруылуына байланысты.

Мәселенің өңделуі. Тарихи өлкетанудың пайда болуы революциядан бұрын болды. Жергілікті зерттеушілер мен өлкетанушылар, Қазақстанның ірі қалаларында ашылған мұражайлар мен Орыс географиялық қоғамының төңірегіне біріге бастады.

Осындай маңызды мәліметтер революциядан бұрынғы қалалар тарихы, қазақ-орыс қарым-қатынастарына арналған мәселелер Н.В. Алексеенко, М.ААсанов, В.Я.Басин, М.Бижанов, В.Галиева, Д-И. Дулатова, Ж.К.Касымбаев, А.М.Қимасов, АА.Горячев еңбектерінде дәлелденді.

Қалалар тарихы мен ондаған статистикалық комитеттерді тарих және мәдениет мамандары зерттеді, бірінші ғылыми қоғамдар құрылып ғалымдар мен әуесқой өлкетанушыларды біріктірген қалалар революциядан бұрынғы өлкетану орталықтары болды. Бұл мәселенің тарихнамасы жеткіліксіз немесе шағын үзінді ретінде зерттелген. Мәселенің жекелеген аспектілермен мына ғалымдар айналысты:ЕрофееваА /12/., Масанов Е./27/, Есеналина Ж. /13/, Сабырханов А./28/, Кононов А. /21/, Лунин Б.В. /24,25/, Ахметова С.И/5/, Қасымова А./20/ ж.т.б., әрі ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелердің еңбектері.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет