«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәні бойынша 50114 «Тарих» мамандығының курс студенттеріне арналған


- Тақырып: Қазақстанда тарихи өлкетанудың кезеңдері және негізгі ұйымдастыру формалары



бет18/72
Дата20.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#25948
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
«Отан тарихыны зекті м селелері» п ні бойынша 050114 «Тарих» м

2- Тақырып: Қазақстанда тарихи өлкетанудың кезеңдері және негізгі ұйымдастыру формалары.

1.Қазақстанда өлкетану жұмысының негізгі кезеңдері және оның сипаттамасы

2.Тәуелсіз Қазақстандағы өлкетанудың ерекшеліктері

3.Өлкетанулық материалдардың баспасөз және басқа арнайы басылымдарда жариялануы.

1. «Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді. Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері және т.б. «Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі. «Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б.). Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі. Батпақ 8, 12 тұрақтарынан табылған құралдар алғашы адамдардың еңбек-құралдарымен таныстырады – нуклеустер, қырғыштар, тескіштер, қысқыштар, шапқыштар таныстырады.

«Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады. ХІ-ХІІ ғасырларда Қазақстан мәдениетінің гүлденген кезеңі. Экспозицияда қазақ даласының атақты тұлғалары көрсетілген.

ЕлімізТәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге мүмкіншіліктер туды – ол «ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Қойылған мұрағат құжаттары мен фотосуреттер ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мемлекеттің ірге тасын қалаушылары Алаш-Орда қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Шоқай, Ә.Ермеков, М. Дулатов және т.б. туралы мәліметтер береді.

«Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-ХХ ғасырлардағы облыс мәдениетінің дамуынан сыр шертеді.

«Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920–30 жылдардағы алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген. 30-шы жылдардағы бірегей суреттер, «Шатырлы қала», «Забойда» диорамалары Қарағанды қаласын алғашқы құрушыларының тұрмысы мен еңбек жағдайын айқын көрсетеді.

«Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы» залында 1931 жылы құрылған Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің мұрағат құжаттары, фотоматериалдар, жәдігерлер сыр шертеді. Қарағанды лагерлері құрылғаннан бастап, онда 47 ұлттың тұтқындары қамауда болған. Лагерь картасы мен Қарлагта «халық жауы» ретінде тұтқында болғандардың материалдары назар аударады. Олардың ішінде әйгілі саяси басшылар және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, суретшілер бар. Экспозицияда атақты ғалым – биофизик А. Л. Чижевский, әдебиетші, аудармашы Эйхлер және т.б. туралы құжаттар бар. «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» залының экспозициялары біздің жерлестеріміздің майдандағы және еңбектегі ерліктері туралы паш етеді. Соғыс жылдары біздің өлкеден майданға 50 мың қарағандылықтар аттанған. Сталинград түбінде, Днепрді соғыспен алған 77-ші артполкі Қарағандыда құрылған. 33 қарағандылықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие, 9 адам Даңқ орденінің Ш-ші дәрежесінің иегерлері. Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров, Мартбек Мамыраев, Қазыбек Нұржанов және т.б. Келушілер құжаттармен, фотосуреттермен, жауынгерлер хаттарымен, батырлардың жеке нәрселерімен таныса алады.

Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946–1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды – КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды.

Теміртау металлургиялық зауытының құрылысында тек Қазақстаннан ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларынан жастар келіп еңбек етті. 1960 жылы 3-ші шілдеде № 1 домна пеші алғашқы Қазақстан шойынын берді. Бұл күн Қарағанды металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады, экспозицияда осы домна пешінің макеті берілген. Тарихи шойын қорытуда жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев – болашақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысты.

Экспозиция материалдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарының материалдары қойылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда 1 млн 232 мың га жер игеріліп, 16 ірі жаңа кеңшарлар салынды.

«Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке арналған. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды. Экспозицияда сонымен қатар Тоқтар Әубәкәровтың ғарышқа аттанар алдындағы фотосуреттері, жеке нәрселері, авиация құралдары қойылған. Қарағанды облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағының – бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдары да қойылған. «Тәуелсіздік Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» залының экспозициясында реформа жағдайындағы орта және кіші бизнестің, халыққа білім беру жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме залының экспозициясында Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15 жылғы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жұмыстарын айқындайтын материалдар қойылған. Жаңадан ашылған «Бабалар бейнелері» залында профессор М. М. Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар белгісі тарихи оқиғалар, діни түсініктемелер, өз тайпасының мінез ерекшеліктерін, мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді. Витриналарда Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық мәдениетін сипаттайтын қару-жарақтар, үй тұрмысы құралдары, әшекейлер, қыш ыдыстары қойылған.

ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын-арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Халықаралық әйелдер күніне «Өлкенің даңқын асқақтатқан ару әйелдер»; ҚР ҰҒА-ның академигі Г.А. Құлқыбаевты еске алу кешіне арналған «Сарыарқа өңірінің өшпес жұлдызы»; ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Астана қаласының 10-жылдығына «Астана-келісім мен бейбітшілік ордасы»; Ғарышкерлер Күніне «Қарағанды — ғарыш айлағы»; Ислам дініне қатысты «Мәулет күні»; «Күн қанатты тұлпарлардың алтын ізімен: ежелгі көшпелілер дәуірінің қолөнері» — Астана қаласының Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейінің республикалық алмасу көрмесі; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Тамыры терең бәйтерек»- КирОАК-нің юстиция халком хатшысы және республика прокуроры (ХХ- ғ. 30-шы жж.) Ж. Сәдуақасовқа арналған; «Қарағанды телеарнасының 50-жылдығы»; Кеншілер Күніне арналған-«Қазыналы кенді өлке»; Қолданбалы өнер шебері Ж. Сыздықовтың «Шебердің жүрегінен саз жүзіне құйылған алланың нұр сәулесі» көрмесі; Ұлттық теңге Күніне арналған — «Қазақтың төл теңгесі»; «Ойыншықтардың ертегі әлемі» — 50–80 жж. шырша ойыншықтарының көрмесі.

Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.



Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.

Қазіргі күні өлке тарихына, жерлес жазушыларымыздың шығармашылығына қызығушылық күн санап артып келеді.Өлкеміздегі тарихшыларымыздың басты мақсаты - өлкеміздің тарихына жаңаша ой жүгірту, өлке тарихының ақтаңдақ беттерін түгендеп, жоғымызды тауып, өшкенімізді түгендеп, қалпына келтіру. Осы орайда,  айта кетсек, біздің өлкетану ақпараттарының орталығы да осындай игі істермен айналысуда.  Жалпы өлке тарихына және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығына қызығушы оқырмандардың, тарихи зерттеумен айналысушы студенттер  және оқу үрдісінде аймақтық компонентті пайдаланатын ұстаздар мен оқушылардың жүгін жеңілдету мақсатында төмендегі өлкетану құралдарын ұсынып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет