Байланысты: «Отан тарихыны зекті м селелері» п ні бойынша 050114 «Тарих» м
«Мирас» ЖШС Семейліктерге ғана емес бүкіл Қазақстанға танымал «Большевичка» бірлестігінің базасында құрылды. Ең танымал өнімдері ерлерге, балаларға арналған көйлектер. Осы кәсіпорынға сапасы мен дизайн үшін бүкіл әлемге танылған Лондондағы халықаралық институтының «Гауһар жұлдызы» куәлігі берілді. Кәсіпорында үлкен жүк автокөліктерінің саябағы бар. Олар СуперМАЗдар, самосвалдар, КамАЗдар. Клиенттің тапсырысымен жүктер Қазақстан мен ТМД елдерінің кез-келген жеріне жеткізіледі. Басшылық кәсіпорынның коммерциялық және сыртқы экономикалық қызметіне үлкен көңіл бөледі. Бірқатар шет елдер мен Ресейдің сауда фирмаларымен маркетинг және менеджмент бойынша тығыз байланыс орнатқан. «Мирас» ЖШС арқылы тұрақты серіктестік беделі орнады. Кәсіпорынның тағы бір қызметінің саласы – тағам өнімдері мен құрылыс материалдарын үлкен және аз мөлшерде өткізу болып табылады. Орталықта тұрған ескі ғимарат кешеніне «Мирас» ЖШС көшкеннен кейін, мұнда «Жібек жолы» жабық базары ашылды. Өндірілген өнімнің 70 пайызын әдемі және сәнді көйлектер құрайды. «Мирас» ЖШС мемлекеттік тапсырыс бойынша Қазақстанның қарулы күштер министрлігінің әскери қызметкерлеріне, ішкі және шекара әскеріне, басқада күш құрылымдарына арналған нысандағы киімдер, ұлттық киімдер де тігіледі. Бұл өнімдер кәсіпорынның тігін цехында өндіріледі. Мұнда қазіргі замандағы жабдықтар орнатылып, жылына 500 мың өнім шығарылады. Қажет болған жағдайда оны екі есеге көбейтуге болады.