Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі



Дата18.04.2022
өлшемі339,19 Kb.
#31416
Байланысты:
бастауыш білім

Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі

Орындаған: Убайдуллаева Улмекен

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында – «барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген. Онда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» делінген. Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. 

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында – «барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген. Онда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» делінген. Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. 

Отандық бастауыш білім беру жүйесінің жаһандануға ықпалдасуы Қазақстанның бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында тұрғанымен сипатталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр», - деген болатын. Осындай жүктелген ауыр міндетті жүзеге асыруда мұғалімнің әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, кіріктірудің әртүрлі бағдарынан хабары бар, білім мен ғылымның негізін меңгерту нәтижесінде ғана іске асырары сөзсіз. Бұл әлемдік білім кеңістігіне кірудің басты көрсеткіші болмақ.

  • Отандық бастауыш білім беру жүйесінің жаһандануға ықпалдасуы Қазақстанның бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында тұрғанымен сипатталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр», - деген болатын. Осындай жүктелген ауыр міндетті жүзеге асыруда мұғалімнің әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, кіріктірудің әртүрлі бағдарынан хабары бар, білім мен ғылымның негізін меңгерту нәтижесінде ғана іске асырары сөзсіз. Бұл әлемдік білім кеңістігіне кірудің басты көрсеткіші болмақ.

Бастауыш білім:

 Білім беру жүйесінің алғашқы сатысында меңгертілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы. Бастауыш білім беру сатысында оқушы әріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді. 


Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай, оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады..

Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Әрбір сабақты өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және келешекте өз мамандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді.

Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Кеше тұлғаның «миы», «басы», «ақылы», «интеллекті» бірінші орында еді, ал бүгінде адамды бағалауда біз бірінші кезекте оның ішкі дүниесін, рухани ахуалын, адамгершілік қасиеттерін ескереміз. Абайдың «Адам бол» деген рухани қағидасы бүгінде білім игеру жүйесінің басты қағидасына айналып отыр.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  • Подласый И.П. Совершенствования методов обучения. в кн.: Выбор методов обучения в средней школе / под ред. Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.
  • Бабанский Ю.К.Оптимизация учебно воспитательного процесса. Методические основы. Москва, 1982.
  • Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет