2- тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Зар заман поэзиясы. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының өзіндік ерекшелігі.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Зар заман ағымы - қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі поэзия. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Тарихи-әдеби сипаттама. 10 минут (жазбаша нұсқада). 3 бет. (2 топ).
2. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5-7 минут. 10 бет.
3. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыбын семантикалық картаға түсіру. (3 топ) 7 минут. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Атақоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын», «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жок», т.б. өлеңдері.
4. "Еспембет" дастанын оқиға картасына салу, әдеби-фольклорлық сипаты. Дастанның композициялык құрылымы. (4 топ). 10 минут. Талдау.
5. "Шаштараз" дастанын «Фишбоун» әдісі арқылы түсіндіру. (5 топ) 7 минут.
6. Зар заман ағымы авторлары әдеби-сыни мұрасының зерттелуі. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (6 топ). 3 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |