Отаршылдық дәуірдегі әдебиет пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет7/24
Дата08.04.2022
өлшемі42,56 Kb.
#30359
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Отаршылдық дәу әдеб. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 тәжірибе сабақтар жоспары

4 - тәжірибелік сабақ

Тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тақырыбы мен идеясы, замана бейнесі.



Сабақтың мақсаты:

Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тақырыбы мен идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан оқыту, түсіндіру, талдау.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

1. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының ұлттық ерекшелігі. Үш таған. Дулат, Шортанбай, Мұрат жырларын Инсерт әдісі арқылы салыстыра саралау. Әдеби-теориялық сараптама. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 10 минут. 3 бет(жазбаша нұсқада). (1 топ).

2. Мұрат ақыннның сөздері. Халел Досмұхамедұлы зерттеуінде. «Аламан» кітабы. «Қазтуған» толғауы. Көркем мәтін түзу. 2-топ. 5 минут.

3. Мұрат Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауы. Поэзиялық талдау. Сөздік жасау. (3 топ) 7 минут.

4. Мұрат Мөңкеұлы мұрасы және туған жер, туған ел идеясы. (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5-7 минут. 10 бет. (4 топ).

5. Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңінің идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. «ПОПС формуласы» әдісі арқылы. «TED әңгімелері (talks)». (5 топ), 5 минут.

6.Мұрат Мөңкеұлының әдеби-сыни мұрасының зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарұлы, Қ. Раев, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (6 топ). 3 минут.

Барлық топқа: «Сарыарқа», "Үш қиян", “Қарасай-Қази”, “Шалгез”, “Қазтуған” жырларынан екі шумақ өлеңді жатқа айту, мәнін ұғыну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет