Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы



бет1/5
Дата12.03.2022
өлшемі20,23 Kb.
#27719
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортас-emirsaba.org


Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы

Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы



Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1.Отбасы институтының дамуындағы қазіргі тенденциялар.

2.Адамның өмір іс-әрекетінде отбасының негізгі функциялары, қоғам дамуының түрлі кезеңдеріндегі отбасының өзіндік ерекшелік, тәрбиелік функциясы.

3.Отбасында бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері. Қазіргі жағдайда отбасы тәрбиесінің қиындықтары. Отбасындағы тәрбие типтері. Ата – аналар беделі.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолдасымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы көреді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-ананың борышы.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет