Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Репродуктивті қызметі – баланың туылуы. Латын тілінен аударғанда «қайтадан жаңарту, көбейту» деген мағынаны білдіреді. Отбасына байланысты қарастырсақ, бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-қағып жетілдіру деген сөз.
2. Тәрбиелілік қызметі– отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасауы. Баланы отбасында тәрбиелеу – әлеуметтік-педагогикалық ең мағыналы құрамдас бөлігі. Ата-ана баланың іс-әрекетін болашаққа бағыттап, келешегін ойлап, оқытып, денсаулығын қадағалап өсіреді. Кейде баласына дұрыс тәрбие бере алмайтын ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың көмегі өте маңызды.