Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы


Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мыналар жатады



бет2/5
Дата12.03.2022
өлшемі20,23 Kb.
#27719
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортас-emirsaba.org

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мыналар жатады:

1.Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

2.Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджетті, жалпы материалдық әл- ауқаты, селолық және қалалық отбасы.

3.Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білу т.б.

4.Ішкі үйелмендік қатынастар микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, үйелмен мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы менг дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады. Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Отбасы қоғамдық басқа институттар сияқты белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы (қызметі) дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтері қарастырылады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктерімен және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет