Отбасы береке мен бірліктің бастауы. Отбасы бірлігі Отанның бірлігі, ағайынның татулығы атамекеннің тұтастығы



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі5,81 Mb.
#8292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ангелина СИНЕВА. 

 

„

бүгінгі күні егін орағы сәтті аяқталып, өңірде 251 гектар масақты дәнді 



дақыл жиналыпты. Әр гектардан алынған орташа өнім 23,6 центнерді 

құрап, 591,6 мың тонна астық бастырылған. бұл – тәуелсіздік алғалы бері ең 

жоғарғы көрсеткіш.

белсенді  істің берекесі мол

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Осылай деп  өңірлік коммуникациялар қызметінде 

өткен кезекті жиында мәлімдеген облыс әкімінің орын-

басары Абдалы Нұралиев облыстағы ауылшаруашылығы 

саласының ахуалын кеңінен атап өтті. Басқосу бары-

сында ауылшаруашылығы, жер қатынастары, табиғи 

ресурстар және табиғатты пайдалану басқармаларына 

қатысты мәселелер де айтылды.

– 2016 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласын 

қолдауға барлығы 8,2 млрд. теңге субсидия қаралса, 

оның ішінде республикалық қазынадан 3,1 млрд. теңге, 

жергілікті бюджеттен 5,1 млрд. теңге қаражат бөлінді. 

Үстіміздегі  жылдың  7  айында  ауыл  шаруашылығы 

өнімінің жалпы көлемі 64,6 млрд. теңгені, нақты ин-

декс көлемі 102,3 пайызды құраса, оның ішінде өсімдік 

шаруашылығы өнімінің көлемі 10,8 млрд. теңгені, мал 

шаруашылығы 53,5 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 

егілген ауылшаруашылығы дақылдарының алқабы 594,1 

мың  гектарды  құрап,  өткен  жылмен  салыстырғанда 

5,5 мың гектарға артып отыр. Оның ішінде 100,4 мың 

гектарға  күздік  бидай,  147,5  мың  гектарға  масақты 

жаздық  дақылдар,  25,8  мың  гектарға  көп  жылдық 

шөп, 26,3 мың гектарға көкөніс, 10,5 мың га. бақша 

дақылдары, 8,7 мың га. картоп және 5,6 мың га. қант 

қызылшасы егілді. Қазіргі уақытта жүгері, көкөніс және 

бақша дақылдары, майлы дақылдарды жинау жұмыстары 

жүргізілуде.  Біз  соңғы  жылдары  қант  қызылшасын 

өндіруді мықтап қолға алдық. Оған үстіміздегі жылы 

облыстық бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді. Оның 220,0 

млн. теңгесіне Франциядан қант қызылшасы дақылына 

қажетті тұқым сатып алынса, 200,0 млн. теңгесіне қажетті 

агротехника алынды. Биыл қант зауыттарына 100 мың 

тоннаға дейін тәтті түбір өткізуді жоспарлап отырмыз,-

деп Абдалы Тоқбергенұлы өңірдегі сыйымдылығы 19,0 

мың тоннаны құрайтын 26 көкөніс сақтау қоймасы мен 

28 жылыжайдың, 240 гектарды алып жатқан үдемелі 

бақтың жайын да тілге тиек етті.  

– Облыста жылдан жылға азайып бара жатқан ағын 

суға байланысты су үнемдеу технологияларын енгізу 

жұмыстары  жүргізілуде.  Ағымдағы  жылы  11,9  мың 

гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару техно-

логиясы енгізілді. Аталған мәселе шаруа қожалықтар 

арасында қолдау тауып, келесі жылы озық технологияны 

15,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұған қоса, 

өңірде  2012  жылдан  бері  20  мың  басқа  арналған  24 

мал бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде. Оның 

ішінде 4 мал бордақылау алаңы 3 мың басқа арналған. 

Үстіміздегі  жылы  аталған  бордақылау  алаңдарынан 

жоғары сапалы 369,0 мың тонна сиыр еті экспорттал-

ды. 2012-2015 жылдары асыл тұқымды мүйізді ірі қара 

малының сапасын арттыру мақсатында облыстың шаруа-

лары шет елден 4100 бас асыл тұқымды мал әкелді және 

7 асыл тұқымды шаруашылық-репредуктор құрылды. 

Нәтижесінде жыл сайын асыл тұқымды малдың үлесі 

артып келеді. Ағымдағы жылдың жеті айында облыстағы 

МІҚ  малының  саны  өткен  жылдың  осы  мезгілімен 

салыстырғанда  3,4  пайызға,  қой  мен  ешкі  саны  3,9 

пайызға, жылқы 4,7 және түйе 3,1 пайызға артты. Жалпы 

ауылшаруашылығы саласында 2015 жылы 18,6 млрд. 

теңгені құрайтын 155 инвестициялық жоба іске асыры-

лып, 765 жұмыс орны ашылса, үстіміздегі жылы 17 млрд. 

теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 

700 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда,-

деді облыс әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, Абдалы 

Тоқбергенұлы  «Сыбаға»,  «Алтын  асық»,  «Құлан» 

бағдарламалары арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды 

және  өнім  деңгейі  жылдағыдан  артып  отырған  ет, 

сүт өнімдерінің жағдайын да жіті айтып өтті. Жиын 

соңында БАҚ өкілдері тарапынан қордайлық қызанақтың 

қызығын тараздықтар емес, алматылықтардың көріп 

отырғанын, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру мәселесі 

мен өнім мол жиналса да нарықтағы бағаның арзандамай 

тұрғаны, қаладағы жаңадан бой көтеретін №14 ықшам 

ауданның  қазіргі  орнындағы  дихандардың  жайы,  ет 

өнімдерін  сыртқа  саудалауға  кедергі  болып  отырған 

карантин мәселесіне қатысты сұрақтар қойылып, тиісті 

жауаптар алынды. 

 

„

Өңірде ағымдағы жылдың бірінші 



жартыжылдығындағы таза инвестициялық табыс 

сомасы – 267,21 млрд. теңгені құрап отыр. бұл жөнінде 

журналистермен болған баспасөз конференциясында 

«бЖЗқ» ақ Жамбыл облыстық филиалының 

директоры наурызхан джармуханбетов айтып берді. 

Зейнетақы шоты -

сіздің телефоныңызда

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталған көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі 

есеге дейін артқан. Мәселен, өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіш 141,41 млрд. 

теңге болған. Сонымен қатар, осы жылдың 1 шілдесіндегі есеппен шарттардың 

барлық түрі бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттары – 10,15 млн. 

бірлік болса, олардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны - 9,7 

млн. шамасында. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шарттар 

– 403 362 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 39 071 бірлікті 

құраған. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асқан. 

Бүгінде барлық зейнетақы жинақтарының 98,6 пайыз бөлігі міндетті зейнетақы 

жарналарының есебіне тиесілі отыр екен. Есепті мерзімдегі жағдай бойынша 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы 

-96,60  млрд.  теңге  болса,  оның  10,08  млрд.  теңгесі  сақтандыру  ұйымдары 

аударымдарының үлесінде. 

Аймақтық  филиал  директорының  айтуынша,  бүгінде  салымшы  жеке 

зейнетақы шотындағы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қордың 236 

- бөлімшесінің бірінен пошта байланысы немесе электрондық пошта, www.enpf.

kz сайтынан, ұялы қосымша арқылы ала алады екен. 

- Қазіргі таңда 2 миллионнан аса адам хабарлаудың электрондық тәсілін 

таңдаған, оның - 1,9 миллионы зейнетақы шотын қор сайты немесе Android, iOS 

(iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін 

смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы 

бақылай алған. Осы жарты жыл ішінде ұялы қосымшаны 128 мыңнан аса адам 

жүктеп алған. Электрондық үкімет порталы арқылы «бірыңғай жинақтаушы 

зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 

ақпарат беру» қызметі іске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 

жылғы  1  шілдеге  дейін  салымшылардың  жеке  зейнетақы  шоттарынан  309 

мың үзінді көшірме берілген. Салыстырып көріңіз, портал арқылы берілген 

үзінді  көшірме  жыл  басында  125  мың  болған  еді.  Электрондық  хабарлау 

танымалдылығының бұлай артуы келешекте ол біртіндеп хабарлаудың дәстүрлі 

тәсілдерінің орнын басады деп топшылауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан 

қор электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін жетілдіру үшін үнемі жұмыс 

жасауда, - дейді Наурызхан Әзімұлы.   


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек  2016 Жыл  //

кӨкЖиек


5

 

„

Жаңа оқу жылында м.Х.дулати атындағы тарму табалдырығын 3 мыңға жуық студент 



аттады. ал, «Экономика және бизнес» факультеті үшін жаңа оқу жылы жағымды 

жаңалықпен басталды.

Жаңа нысан 

Жастар Игілігіне

Арайлым ШАБДЕНОВА

ТарМУ-дың бас ғимаратының алдында жиылған 

көпшілікті  ең  алдымен  университет  ректоры 

Махметғали Сарыбеков жаңа оқу жылымен құттықтап, 

оқуда озат, заман талабына сай білікті маман болуға 

шақырды. 

  Салтанатты  жиынға  қатысқан  Жамбыл  облысы 

әкімінің аппарат басшысы Рахметілдә Рахманбердиев 

ұстаздар ұжымына  ыстық ықыласын білдіріп, оқу 

ордасының бірқатар жетістіктерін айтып өтті. 

Сондай-ақ, дәстүрге сай университет ректоры «Мұнай 

газ және механика» факультетінің І курс студенті                                                                                                                

Никита Самойленкоға студенттік билет, «Гуманитарлық-

әлеуметтік ғылымдар» факультетінің І курс студенті 

Салтанат Букешоваға білім кілтін табыс етті. Жүздеріне 

қуаныш  үйірілген  қос  студент  биыл  алғаш  оқу 

ордасының табалдырығын аттаған студенттер атынан 

жиналғандар алдында студенттік ант қабылдады. 

Ал  жаңа  оқу  жылы  «Экономика  және  бизнес» 

факультетінің оқытушылары мен студенттері үшін 

жағымды  жаңалықпен  басталды.  Бұған  дейін 

технологиялық кешеннің әр корпусында орналасқан 

дәрісханаларда дәріс алу студенттерге де, оқытушыларға 

да қиындық туғызып келгендігін ескерген универ-

ситет  басшылығы  факультетке  жаңа  ғимаратты 

ұсынды. Мерейлі мерекеге тұспа-тұс келген жаңа оқу 

ғимаратының  ашылу  салтанатына  университеттің 

профессор-оқытушылар құрамымен бірге өңірдегі 

кәсіпкерлік, қаржы, мемлекеттік қызмет саласы өкілдері 

қатысты. Шараны ашып берген университет ректоры 

Махметғали Сарыбеков «Экономика және бизнес» 

факультетінің оқу ордасындағы үздік факультеттердің 

бірі екендігін ерекше атап өтті. 

Одан соң Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстық 

департаменті  басшысының  орынбасары  Ерлан 

Өмірзақов және облыстық тексеру комиссиясының 

төрағасы Мырзақасым Байбеков сөз алып, факультеттің 

маман даярлау ісіндегі табысты жұмыстарын тілге 

тиек етті. Ғимараттың лентасын университет ректоры 

Махметғали Сарыбеков пен тексеру комиссиясының 

төрағасы Мырзақасым Байбеков қиды. 

Жөндеуге  дейін  «Гуманитарлық-әлеуметтік 

ғылымдар» факультетінің оқу ғимараты, кейіннен 

білімгерлер үйі болған кешеннің қазіргі кескіні көптің 

көңілінен шықты. Бірінші қабатта орналасқан оқу за-

лында қаржы-экономика саласына қажетті 10 мыңға 

жуық әдебиет бар. Ал, заманауи медициналық пункт 

оқыс жағдайдан зардап шеккен студенттерге алғашқы 

медициналық көмек көрсетуге әзір. Жаңа ғимараттың 

2 -қабатындағы «NURBANK» пен «Цеснабанк» бірлесе 

ашқан  оқу  кабинеті  де  талайға  таңдай  қақтырды. 

Оқу кабинетінің ерекшелігі сол, мұнда студенттер 

өздерін банк қызметкері ретінде сезіне алады. Қаржы 

операцияларын  орындауға  арналған  касса  және 

кеңес берушілерге арналған орын да заманауи үлгіде 

жабдықталған. ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиа-

лы директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов 

пен «NURBANK»облыстық филиалының директоры                 

Оксана Иловская ашқан «Теңге» монументі орналасқан 

залды Ұлттық банктың кішігірім мұражайы деуге бола-

ды. Себебі, залда төл теңгеміздің әр жылдары шыққан 

үлгілері қойылған.  

Оқу ғимаратында факультеттің ашылуына білікті 

мамандар  даярлау  ісіне  айтарлықтай  үлес  қосқан 

оқытушы-ғалымдар  Алданыш  Нұрымов,  Ерғали 

Үркіншиев атындағы дәріс залдары бар. Одан өзге 

«Туризм» мамандығы студенттеріне арналған арнайы 

кабинеттеріде жаңа оқу жылына тастүйін дайын.

Айта  кету  керек,  «Экономика  және  бизнес» 

факультетінің  жаңа  оқу  ғимаратын  жабдықтауға 

аймақтағы әртүрлі банктер мен кәсіпорындар қажетінше 

көмек көрсеткен. Олардың қатарында, «Цеснабанктың» 

директоры Ғалымжан Доланбаев, «NURBANK-тың» 

директоры Оксана Иловскаяның есімдерін ерекше атап 

өтуге болады. Бүгінде республикадағы екінші деңгейлі 

банктердің тізгінін ұстап жүрген қаржыгерлер дәл осы 

«Экономика және бизнес» факультетінің түлектері. 

Енді жаңа оқу ғимаратына көшкен факультеттің 1000-

ға жуық студенті 8 мамандық бойынша сапалы білім 

алады.


білімді ұрпақ - ел ертеңі.    

 

„

алтын күздің алғашқы 



күнінде қаладағы 

барлық білім беру 

мекемелірінің оқушылары 

мен студенттері қалам 

қаруын сайлап, ғылым 

майданына жаппай керуен 

түзеді. білім берудің 

жаңа  мазмұнына көшкен 

мектептерде ұрпақты 

ұлағатқа шақырған 

қоңырау үні соғылды.

білім бәйгесі 

басталды

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Биылғы оқу жылында республика 

бойынша 3 миллионға жуық оқушы 

білім бәйгесіне түссе, оның 370 мыңы 

мектеп табалдырығын енді аттаған 

бүлдіршіндер.  Шаһарымызды  бір-

ақ күнде ақ бантик пен ақ жағалы 

оқушыларға  толтырып  жіберген 

білім мерекесінде Тәуелсіздік алғалы 

бері  қаланың  керегесін  кеңейтіп, 

көркін арттырған «Астана» мөлтек 

ауданындағы  2  мыңға  жуық  жас 

өскінді  білім  нәрімен  сусындан-

дырып  отырған  №53  мектептің 

оқушыларының қуанышымен бөлісіп 

қайттық. 

-  Мектепте  жалпы  саны  159 

педагог  еңбек  етуде.  Олардың 

сапалық  құрамы  43,2  пайызды 

құрап  отыр.  Білім  саласындағы 

жаңа  реформаларға  байланысты 

1-сынып  алатын  оқытушылардың 

барлығын  қайта  даярлау  курста-

рынан  өткіздік.  Музыка,  еңбек, 

ағылшын тілі пәнінің ұстаздары да 

біліктіліктерін  жетілдірді.  Қазіргі 

таңда біздің мектеп табалдырығын 

265  оқушы  аттады.  Былтырғы  оқу 

жылында мектепті 50 түлек аяқтады. 

Ұстаздар  ұжымы  үш  деңгейлі         

курстан өтті. Жаңа мазмұнда білім 

беруге  педагогтарымыз дайын деп 

сеніммен  айта  аламын.  Мектептің 

материалдық-техникалық базасы да 

білім беру талабына сай толығымен 

қамтылған.  Оқушы  -  ел  ертеңі, 

қоғамымыздың  болашағы.  Алтын 

ұясына  алғаш  қадам  басқан  және 

барлық оқушыларға білім сапарын-

да  сәттілік  тілеймін,  -  деді  мектеп 

директоры  Эльмира  Қойлыбаева. 

Сондай-ақ, Эльмира Серікқызының 

а й ту ы н ш а ,   м е кт е п т е   о қ у ш ы 

тығыздығы  жылдан-жылға  артып 

келеді. Оның үстінде, биыл күрделі 

жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №7 

мектептің 300 оқушысы қосылған. 

Ал  салтанатты  шараға  ар-

найы келген қалалық мәслихаттың 

д е п у т ат ы ,   « Жа м б ы л - Та р а з » 

газетінің  директор-бас  редакторы                                    

Эльмира Мырза-Ғали оқушылардың 

қуанышымен бөлісіп, оларды таяуда 

өткен  айбынды  Ата  заң  күнімен 

және  биылғы  ел  тәуелсіздігінің  25 

жылдығымен құттықтады.

- Жылдан-жылға бала санының 

артып  келе  жатқаны  қуанарлық 

жағдай.  Осыған  орай,  қаламызда 

ба лабақша  мен  мектептерді 

к ө бе й ту   м ә с е л е с і   б о й ы н ш а                                                       

Елбасы саясатының негізінде қыруар 

қарқынды жұмыстар атқарылып жа-

тыр. Жаңа оқу жылы «Мәңгілік ел – 

білімді ел» ұранымен басталып отыр. 

Біз қандай кезде мәңгілік ел боламыз? 

Біздің  балаларымыз,  ұрпағымыз 

білімді  болғанда  ғана  мәңгілік 

ел  боламыз.  Өз  еліміздің  іргесін 

мәңгілік етіп қалаймыз. Сондықтан 

да  барлық  күш-жігеріміз  білімге 

бағытталу керек. Биыл 12 жылдық 

жаңа білім реформасы бастау алғалы 

отыр. Технология тілін игеруге биім 

жас  өскіндер  білім  саласындағы 

сыннан  сүрінбей  өтіп,  мектебінің, 

елінің  абыройын  асқақтатып,  күні 

бүгінге дейін жеткен жетістіктерінен 

асып түсетініне сеніміміз мол,-деп                                                                      

Эльмира Иниятқызы, облыстық ата-

аналар комитетінің төрайымы ретінде 

тақымын қысқан ата-ана қауымына, 

бүлдіршіндерге  табандылық  пен 

қайсарлық тіледі.



 

„

«парасат» колледжінің бір қатар студенттері үшін жаңа оқу жылы жағымды 



жаңалықпен басталды. Жамбыл облысы қазақстан халқы ассамблеясы  мен 

«парасат» колледжінің басшылығы келісе отырып, аталған оқу ордасының 10 

студентіне білім грантын салтанатты түрде тапсырды. 

талаптыға нұр жауар

Индира БАЙқОНЫС

Жиынға  арнайы  қатысқан 

облыстық  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясы  төрағасының  орынба-

сары,  хатшылық  меңгерушісі                                         

Маржан Қожаева барша оқытушылар 

мен  студенттерді  білім  күнімен 

құттықтады.    

–  Мектеп  бітірушілер  арасында 

ұлттық  бірыңғай  тестілеуден  өте 

жоғары балл алмаса да, жақсы оқыған, 

көп балалы және аз қамтамасыз етілген 

отбасылардан шыққан 10 студентке 

білім грантын тапсырғалы отырмын. 

Білім  гранттары  облыстың  еңбек 

нарығында  қажетті  мамандықтарға 

оқыту үшін беріледі. Яғни, бұл гранттар 

болашағы зор жастарға қолдау ретінде 

беріліп  отыр.  Ендеше,  баршаңызды 

жаңа  басталған  білім  күнімен  және 

облыстағы  бүкіл  жоғары  және  орта 

оқу орындарының түлектерін өмірдің 

үлкен  жолына  түсулерімен  шын 

жүректен  құттықтаймын!  –  деген 

Маржан  Төреғұлқызы  Ассамблея 

мен оқу ордасының білім гранттарын  

жастарға тапсырды.

М ұ н а н   к е й і н   с ө з   а л ғ а н                                      

«Парасат»  колледжі  директорының 

оқу-ісі  жөніндегі  орынбасары                  

М.Орманбекова оқу ошағының үздік 

оқитын және  белсенді студенттеріне 

білім гранттары бөлініп отыратынын 

алға тартты.

- Біздің колледжде 1200-ге тарта 

жас білім алады. Оқу озаттарына, көп 

балалы  отбасынан  шыққан  студент-

терге және спортта жоғары жетістікке 

жеткен білімгерлеріміздің оқу ақысына 

жеңілдік жасаймыз. Олардың кейбірі 

жүз пайыз тегін білім алса, енді біріне 

50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. 

Ал  міне,  бүгін  Жамбыл  облысы 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы    мен                                                                                      

«Парасат»  колледжінің  басшылығы 

ортақ  келіссөзге  келіп,  тағы  10 

студентіміз  колледж  қабырғасынан 

түлеп ұшқанша тегін оқуға мүмкіндік 

алды,-деді ол. 

2004  жылы  студенттерге  есігін 

айқара ашқан оқу ошағы бүгінгі таңда 

еліміздегі 20 үздік колледждің санатына 

қосылып отыр.  Бүгінде мұнда 1200 сту-

дент білім алады.  Әлбетте, жастарды 

қолдау грант бөлумен шектелмейтіні 

белгілі.  Жас  мамандарды  ауылдық 

жерлерге тарту, оларға қолдау көрсету 

де  –  мемлекет  тарапынан  жасалып 

отырған игі шаралардың бірі.   


ОрТА

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек  2016 Жыл  //



Арайлым ШАБДЕНОВА 

Академик  Ө.Жолдасбековтің 

есімі  еліміз  үшін  тың  ғылыми 

бағыттармен,  жаңашыл  ма-

мандар  даярлаумен,  ғылыми 

орталықтардың  ашылуымен, 

Қазақстанның Ұлттық инженерлік 

академиясының  құрылуымен 

тығыз байланысты. Ғалым өзінің 

өмірлік  жолын  машиналар  мен 

механизмдердің  ғылыми  теория-

сын зерттеуге арнаған. Сонымен 

қатар,  Өмірбек  Жолдасбеков  ең 

алғашқы  болып  қазақ  тілінде 

машинатанудың терминологиялық 

сөздігін  жасаған.  Осы  салада 

жазған  400-ден  астам  ғылыми 

еңбектің  авторы,  оның  ішінде 

18  монография,  30  оқу  құралы, 

1 2 0   а вт о р л ы қ   к у ә л і к   п е н 

шетелдік  патент  бар.  24  ғылым 

докторын  және  90-нан  астам 

ғылым  кандидаттары  Өмірбек 

Арсланұлының тәрбиесі мен бата-

сын алған. Өзінің ұлы Скандрбек 

Өмірбекұлы да бұл салада жылдар 

бойы еңбек етіп, әке жолын қуған 

техника  ғылымдарының  докто-

ры  болған.  Қазақстан  ғылымын 

қалыптастыруда қажырлы қызмет 

еткен айтулы тұлғаның туғанына 

биыл  85  жыл  толып  отыр. 

Осыған орай, Тараз қаласындағы                            

Ө.Жолдасбеков  атындағы  №50 

орта мектепте академик-ғалымға 

арналған  ескерткіш-бюст  бой 

көтерді.  Жиынды  Қазақстанның 

е ң бе к   с і ң і р ге н   қ а й р ат ке р і                                                  

Мейрамбек  Төлепберген  ашып, 

жүргізіп  отырды.  Облыстағы 

зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, 

ардагерлер  және  ұст аздың 

шәкірттері  мен  өзге  облыстар-

 

„

тараз қаласындағы №50 орта мектепке аты берілген академик-ғалым Өмірбек 



Жолдасбековке арналған ескерткіш-бюст  ашылды. 

тағылымды тағдыры - ұрпаққа ұлағат

 

„

білім мерекесі  мектептегі балғындар үшін естен 



кетпес күн. айтулы күнге орай әр оқу орнында білім 

нәрімен сусындап жатқан олар әскери шенді ағалармен 

жүздесіп, ерлік сабақтарынан дәріс алды. 

шәкірт ертеңі – ел шырағы

Д ә р і с т і   ә д е т т е г і д е й   м е к т е п 

мұғалімдері емес,  әскери қызметшілер 

жүргізді. Олар өскелең ұрпаққа Қазақ 

Хандығының  құрылуынан  бастап 

бүгінге дейінгі бабалар жолын сөз етіп, 

еліміздің өр тұлғалары мен хас батыр-

лары хақында ой қозғап, олардың ерлік 

істерін үлгі етті. Өйткені, білім күніне 

орайластырылған шара – Тәуелсіздіктің 

25  жылдығына,  Конституция  күніне 

мемлекеттік айтулы даталарға арналды. 

Жас  ұрпақты  отансүйгіштікке 

т ә р б и е л е у   м а қ с а т ы н д а 

ұйымдастырылған  шара  Тараз 

қаласының №44 орта мектебінде өтті. 

Шараға  Жамбыл  облысы  Қорғаныс 

істері  жөніндегі  департаментінің 

басшысы,  полковник  Б.Абдибаев, 

Тараз  қаласы  Ауған  соғысы  ар-

д а г е р л е р   од а ғ ы н ы ң   т ө р а ғ а с ы                              

Д.Ермеков,  Ауған  соғысы  ардагері                                                                                   

К.Молдабаев, жауынгер – интернацио-

налист А.Саткеев, №44 орта мектебінің 

директоры  Б.Жақсыбеков,  Тараз 

қаласы  Қорғаныс  істері  жөнініндегі 

басқармасының  бастығы,  полковник 

Е.Абдуллаев қатысты.

- Әскери патриоттық тәрбиені кешенді 

жүргізіп, оны мектеп оқушыларының 

арасына  кеңінен  насихаттау  және 

жасөспірімнің бойына сіңіру – қазіргі 

уақыттың талабы. Бүгінгі күні барлық 

мектептерде ерлік сабақтары өткізіліп 

жатыр.  Сол  сабақтардың  аясында 

халқымыздың  батырлық,  тұлғалық 

қасиеттерін ұрпаққа ұлағаттаудамыз,- 

деді Дүкенбай Ермеков.

Кездесу  барысында  оқушылар 

патриоттық  тақырыпта    өздерін 

қызықтыратын  сауалдарына  жауап 

алды.  Жалпы  шараның    мақсаты  - 

батылдық,  ар-намыс  жайлы  көзқарас 

қалыптастырып,  ұрпаққа  ата-бабалар 

ерлігін үлгі ету болды. 

Бұл  бағыттығы  сабақтар  қазіргі 

таңда  өте  қажет  және  жас  ұрпақты 

патриоттық  тәрбиелеуде  үлкен  мәнге 

ие. 

–  Ел  болашағы  –  осы  оқушылар. 



Олардың санасына – отандық , елдік 

сезім  ұялату  –  біздің  міндетіміз. 

Сондықтан  жаңа  оқу  жылының 

алғашқы  күнінен-ақ  оны  қолға  алсақ 

артықтық  етпейді  және  ол  үрдіске 

айналса  құба-құп.  Өйткені,  ерлікке 

тағзым  –  елдігіміздің  белгісі,-  деді                                                                                         

Жамбыл  облысы  Қорғаныс  істері 

жөніндегі  департаментінің  басшысы 

полковник Б.Абдибаев жиын соңында. 

Кездесу  патриоттық  әндер  мен 

қазақтың күмбірлеген домбырысымен 

орындалған сазды шараға ұласты.

Айт а  кетейік,  білім  күнінде 

ұйымдастырылған «Ерлік сабақтарына» 

мұрындық  болған  ҚР  Қорғаныс 

министрлігі мен ҚР Білім және ғылым 

министрлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет