Отбасы және гендер әлеуметтануы


Некелік – отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі. Отбасылық проблемалар



бет2/3
Дата17.12.2022
өлшемі27,36 Kb.
#57831
1   2   3
11.2. Некелік – отбасылық қатынастардың тарихи типтері және түрлері. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы отбасының рөлі. Отбасылық проблемалар
Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелгі формаларының бірі. Отбасының тарихи дамуы туралы мәселе әртүрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу өзегі болды.
Америка ғалымы Льюис Морган (1881-1881) өзінің этнологиялық зерттеуінің нәтижесінде (солтүстік Америка тайпаларындағы индеец-ирокездерді зерттеген) «Ежелгі қоғам» деген еңбегін (туыстық отбасылық қатынастар туралы) жарыққа шығарды. Ол еңбегі бойынша, ежелгі отбасының пайда болуы ешқандай нормалар арқылы реттелмейтін қауымдастықтар мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастардан басталды деп көрсетті. Кейіннен ғалымдар Морганның зерттеуіне сүйене отырып, отбасының даму тарихын мынадай фазаларға бөлді:
1) промискуитет – адамзаттың тағылық сатысына негізделеді. Бұнда қоғамның барлық мүшелерінің арасында шексіз жыныстық қатынас орнаған.
Келе-келе жыныстық қатынастар шектеліп, жеке топтар қалыптаса бастаған. Бұл процесс келесі отбасы формасының қалыптасуына негіз болды.
2) қандас-туыстық отбасы – топтық некемен сипатталады. Бұнда жыныстық қатынасқа түсуге бір ұрпаққа жататын адамдардың арасында ғана рұқсат етілген. Бір ұрпаққа жататын адамдар (аға, сіңілі, қарындас т.б) өздерінің туыстық деңгейлеріне тәуелсіз бір отбасын құрған. Бұндай отбасы эндогамиялық қауым бола отырып, бір адамның ұрпағын немесе бір руға, бір тайпаға жататын адамдарды отбасы қылып біріктіреді.
Кейіннен жыныстық әріптестердің ортасы азаюына байланысты дамыған отбасы формаларының қалыптасуына әкеліп соқты.
3) пуналуалды отбасында жыныстық қатынастардан әйел жақтың қандас жақын, алыс туыстары ажыратылады. Бұл отбасы типіне әлі де топтық неке жатады. Бірақ эндогамияның орнына экзогамиялық қауым қалыптасты. Яғни, экзогамиялық некеде әртүрлі ру адамдарынан отбасын құру жүзеге асқан.
Пуналуалды отбасы сонымен қатар бір әйел мен бір еркектің арасында ұзақ та тұрақты байланыстың орнауымен ерекшеленді. Бұл байланыс алғашқы болып жұптық некенің қалыптасуына негіз болды.
4) синдиасмикалық отбасында бір еркектің бір әйелмен тұрып, сондай-ақ өзінің полигамиялық (бірнеше топтың арасындағы некелік қатынас) белгісін, яғни топтық некелік белгісін сақтауға рұқсат етілді. Бұндай отбасында некелік қатынас оңай бұзылып, ер адам өзінің жыныстық әріптестерін алмастырып отырған (бала болған жағдайда ол анасына қалдырылған).
Кейіннен қоғамның жетілдіріле бастауына байланысты еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастарды реттеу арқылы моногамиялық отбасы құрылды. Ол рулық құрылымның ыдырап, жеке меншік пен таптардың пайда болуы кезінде қалыптасты.
5) моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасында тығыз некелік байланыстың орнауымен ерекшеленеді. Моногамияның қалыптасуы – жеке меншіктің пайда болып, оны қорғауға тырысу, әкелік құқықты сақтап, отбасы мүлкін иеленуге ұрпағының құқығын қамтамасыз ету себептерімен байланыстырылады.
Моногамиялық отбасының күшеюімен қатар ескі рулық құрылым ыдырап, адамзат қауымының жаңа формасы қалыптасты.
Сонымен, отбасының тарихи дамуы – реттелмейтін жыныстық қатынастардан басталып, олардың моногамиялық отбасы шеңберінде шектелуімен жүрді. Нәтижесінде әйел мен еркектің арасындағы байланыстар күшейіп, отбасы мүшелерін берік некелік одаққа біріктірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет