Отбасы және гендер әлеуметтануы


Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы



бет3/3
Дата17.12.2022
өлшемі27,36 Kb.
#57831
1   2   3
11.3. Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы
Отбасы құрылымының типтері көпқырлы болып келеді және ол жұбайлардың мінез-құлқына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайына, ата-аналық және туыстық ерекшеліктеріне, отбасындағы билікке, отбасылық дәстүрге, некелік қатынасқа байланысты болды. Осыған орай отбасы құрылымын мынандай түрлерге жіктеуге болады:
• патриархалды отбасы – ер адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• матриархалды отбасы – керісінше, әйел адамның билігіне, үстемдігіне негізделеді;
• эгалитарлы отбасы – еркек пен әйелдің құқығы мен міндеттерінің теңдігіне арналған;
• нуклеарлық (қарапайым) отбасы – ерлі-зайыптылар мен балаларынан тұратын отбасы;
• үлкен отбасы – бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы;
• баланың санына қарай: көп балалы, аз балалы, баласы жоқ отбасы;
• отбасылық өмір тәжірибесіне қарай: жас жұбайлар, жастар, орта жастағылар, егде кісілер отбасылары;
• географиялық нышандары бойынша: ауылдық және қалалық отбасы;
• детоцентристік отбасы – отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады;
• ерлі-зайыптылық отбасы – жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынасқа негізделеді;
• дистанттық отбасы – ерлі-зайыптылардың бірі жұмыс жағдайына байланысты отбасынан бөлек тұруы немесе отбасында көп болмауы;
полигамиялық отбасы – бірнеше топтардың арасындағы некелік қатынас;
• моногамиялық отбасы – бір еркек пен бір әйелдің арасындағы некелік қатынас;
• полигиния – бір еркектің бірнеше әйелдермен некелесуі;
• полиандрия – бір әйелдің бірнеше еркектермен некелесуі;
• экзогамиялық неке - әртүрлі рулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• эндогамиялық неке – бір рулық-отбасылық топтардың арасындағы неке;
• Патрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы әке жағынан болады;
• Матрилинеалды отбасы – тегін, мүлкін, әлеуметтік жағдайын иелену құқығы ана жағынан болады;
• гомогенді отбасы – жұбайлар бір әлеуметтік страттардан шығады;
• гетерогенді отбасы – жұбайлардың әртүрлі әлеуметтік страттардан, топ, таптардан шығуы;
• патрилокалды отбасы – жас жұбайлардың ер адамның үйінде тұруы;
• матрилокалды отбасы – жас жұбайлардың әйелдің үйінде тұруы;
• эванклюлелокалды отбасы – жас жұбайлардың аға, апайлардың үйінде тұруы;
• унилокалды отбасы – жас жұбайлардың кімнің әлеуметтік жағдайы қолайлы сонымен тұруы;
• неолокалды отбасы – жас жұбайлардың ата-аналарынан бөлек, жеке тұруы;
• қайталанбалы отбасы – жас жұбайлармен қатар, бұрынғы некелік балалардың бірге өмір сүруі;
• репродуктивті отбасы – ата-анасы мен кәмелетке толмаған балалардан тұрады;
• линеалді отбасы – бір жыныстағы балалардың бәрі некеге тұрғаннан кейін өз ата-аналарының үйінде қалып, бірге тұруы;
• стержндік отбасы – ата-аналармен бірге бір баланың қалып өмір сүруі;
• толық үлкен отбасы – аға-інілердің әйелдерімен ата-аналарының үйінде бірге тұруы және олардың балаларының да осы дәстүрді жалғастыруы.
Гендерлік теңсіздік - Бұл ұғым әйел адам мен ер адам арасындағы теңсіздікті білдіреді.
Әйел адам мен ер адам арасындағы айырмашылық өте күрделі зерттеу ұғымдарынан тұрады. Социологтар гендерлік теңсіздік жыныстық сәйкестіктің (идентичность) әсерінен болады деп есептейді. Жыныстық сәйкестік төрт компоненттен тұрады.
1. Гендерлік сәйкестік. Адамның шын мәнінде өз жынысын сезінуі. Өз жынысын сезіну кейбір адамдарда биологиялық жынысымен байланыспайды. Мысалы, атақты американ теннисшісі Рени Ричарс ер адам болған. Бірақ өзін ер адам ретінде сезінбегендіктен, күрделі медициналық операция жасатып әйел адамға айналған.
2. Гендерлік үлгі (идеал). Ер не әйел мінез-құлқы туралы мәдени түсінік. Мысалы, көптеген қоғамдарда ер адамдар пікірінше үлгілі (идеал) әйел үй шаруашылығындағы әйел.
3. Еңбек ролі. Еңбек бөлінісіне байланысты туындаған ерлер мен әйелдер құқықтары мен міндеттері. Қоғамда ер адам атқарады деп саналатын қызметтер және сол сияқты әйел адам атқарады деп саналатын қызметтер де бар.
4. Биологиялық компонент. Бұл ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы дене, тән айырмашылығы. Мысалы, американдық социолог Э.Форб зерттеуі бойынша 18 жастағы әйел адам күші сол жастағы ер адам күшіне қарағанда 50%-ға төмен.
Адамзат қоғамы әлі күнге дейін күш алдында бас иетін инстинкттен құтыла қойған жоқ. Сол себепті барлық қоғамдарда дерлік ер адамды әйел адаммен салыстырғанда жоғары қояды. XXғ. II-ші жартысынан бастап осы теңсіздікке жауап ретінде әйелдер эмансипациясы пайда болды. Эмансипация - әйел адамдардың ер адаммен барлық жағынан теңдесуге ұмтылысын білдіретін термин.
Дүниеге келгеннен бастап, әртүрлі жыныстағы балаға әртүрлі көзқарас болады. Негізінен ер бала артықшылыққа ие болады. Мұның бәрі кейінгі мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Социологтар пікірінше балалардың мінез-құлықтары төмендегі жолдармен қалыптасады:

  1. 1) моделдеу – бұл үлкендер мінез-құлқын қайталау (имитация);

  2. 2) баланың жынысына сәйкес келетін мінез-құлық ережесін марапаттау, ал сәйкес келмейтін мінез-құлқы үшін жазалау;

  3. 3) басқалар тарапынан анағұрлым қолдауға ие болатын мінез-құлық түрлерін көрсету.

1955 жылы американдық социолог Маргерт Мид зерттеулері жалпы қабылданған, - «ерлер мен әйелдер өз табиғатынан белгілі бір ғана әлеуметтік-жыныстық ролде ойнау үшін жаратылған» ұғымына біршама өзгерістер әкелді. М.Мид Жаңа Гвинеяның үш тайпасының (арапеша, мундугумор, тчамбули) әлеуметтік-жыныстық ролдерін зерттейді. Арапеша тайпасында ерлер де, әйелдер де бала тәрбиесіне байланысты ролдерді толығынан игереді. Ал, мундугурморлар бір-бірімен, өз балаларына бірдей жаулық сезімде болады. Арапешалар сияқты бұлар да мынау ер адамға тән, мынау әйел адамға тән деп әлеуметтік-жыныстық бөлінбейді. Олардың кез-келгені, кез-келген нәрсені жасай береді.
Ал, тчамбули тайпасында ерлер мен әйелдер ролдері әрқилы. Бірақ ол көптеген қоғамдарда қабылданған ролдерге қарама-қайшы. Үйді оларда «әйел үйі» деп атайды. Әйелдер балық аулап, отбасын асырайды. Ал ерлер сәндік бұйымдар тағып, бала бағады. Осындай зерттеулерден кейін ер мен әйел ролдеріне деген стереотипті көзқарастар әлсіреді. Сол сияқты соңғы кезеңдерде кең етек алған әйелдер қозғалыстары да, оларға қатысты әлеуметтік теңсіздікті әлсіретті.
Біздің дәуірімізде тұрмысқа шыққан әйелдердің жартысынан көбі жұмыс істейді. Әдетте олар кітапхана, бала бақша, мектеп және т.б. әйел адамға ыңғайлы салаларда жұмыс істейді. Американ зерттеушісі У.Хоннердің пікірінше мұның себебі, егер ер адамдар басым салада қызмет істесе, өзінің әйелдік мінезін жоғалтудан қорқу.
Функционалистер қазіргі отбасында ер мен әйел ролін былай бөледі: жұбайлардың біреуі инструменталды ролде ойнайды, яғни отбасының сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ал, екіншісі экспрессивті рол алады, яғни отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастарды реттейді. Бұл теория өкілдерінің пікірінше әйел адамның дүниеге бала әкелуге қабілеттілігі, оның экспрессивті ролін көрсетеді. Ал, ер адам инструменталды ролге ие.
Американдық социолог Коллинздің пікірінше жыныстық теңсіздіктің негізгі себептерінің бірі ерлер мен әйелдер арасындағы отбасылық егес. Бұл әлеуметтік-жыныстық ролдерді бөлісе алмау әсеріне туады. Негізгі себеп, әдетте ер адамдар әйел жұмысын істегісі келмейді. Ал эмансипацияға ұшыраған феминист-әйел оны істетем деп әлекке түседі.
Бүгінгі отбасы елдің болашақ азаматының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамның ең маңызды институты екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі, бүгінгі отбасының табысты болғаны, әлеуметтік-экономикалық, моральдық-психологиялық жағдайының жақсаруы ұлт пен мемлекеттің болашағына елеулі әсер етеді.
Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында әр қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсартуға, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар міндеттелді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын қалалар дамып жатса, халыққа қызмет көрсету жақсарып, тұрғын үй мәселесі шешіліп жатса, бұл игі істер отбасылардың бай, қуатты болуына ықпал ететіні анық.
Отбасы мәселелеріне, оның мәртебесінің өсуіне және қоғамдағы рөлінің ұлғаюына деген көзқарастың жақсаруы қазақстандық отбасының мәртебесі өскендігін білдіреді. Отбасы арқылы бала туу санын арттыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін шешуге болады.
Елімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдау үшін көп жұмыстар атқарылуда. Экономиканың өсуімен халықтың кірісі де артуда, ана мен баланы қорғауға, балаларға, көп балалы отбасыларына, мүгедектерге бе­рілетін мемлекеттік жәрдемақылар, зейнетақылар мөлшері өсуде.
Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.
Көп балалы аналарды марапаттау үшін «Алтын алқа» алқасы 10 баладан 7 балаға дейін және «Күміс алқа» алқасы 8 баладан 6 балаға дейін шарттары өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, «Отбасы – қоғамның іргетасы» атты тақырыпта отбасылық құндылықтарды уағыздау, отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір өңірлерінде ұлттық комиссияның мүшелері қатысқан өңірлік семинарлар өткізді.
Семинарда әртүрлі тақырыптарда хабарламалар жасалып, онда отбасын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызы, БАҚ-тың отбасын нығайтудағы рөлі, отбасылық құндылықтарды жастар арасында уағыздау, бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың өзара әрекеттестігі, отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлін арттырудың қажеттілігі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтарды жою сияқты мәселелер қозғалды.
Ұлттық комиссия ұстанатын отбасылық саясаттың басымдықтарының бірі – әке болудың беделін, бала тәрбиесіндегі әкелердің мәртебесін көтеру болып табылады.
Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени және тарихи салт-дәстүрлерді, сондай-ақ қоғамның құндылықтары бірінші кезекке қойылуы тиіс. Көптеген мәселелерді қазақстандық отбасылардың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен құндылықтары негізінде шешуге болады.
Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде отбасы және неке институтын нығайтуға бағытталған игі істердің мол тәжірибесі бар екендігін айтып өту керек. Бұл бағытта Қазақстанның кейбір өңірлерінде құрылған ақсақалдар алқасы, әжелер комитетінің де жас ұрпаққа берер өнегесі мен ұлағатты істері көп.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет