Отбасы тәрбиесінің педагогикалық негізі


Педагог пен ата-ананың негізгі өзара әрекеттестіктері



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі22,99 Kb.
#82023
1   2   3
Педагог пен ата-ананың негізгі өзара әрекеттестіктері: ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті, ата-аналарға арналған тақырыптық конференциялар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдердің, балалар мен ата-аналардың бірлескен танымдық еңбек, демалыс қызметін ұйымдастыру, ашық есік, есеп беру жиналыстары күндерін өткізу, ата-ана өкілдерінің әкімшішікпен кездесулері.
Мектептің отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).

  1. Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісі.

Отбасы – маңызды әлеуметтік институт, бұл адам өміріндегі алғашқы әлеуметтік қауымдастық, онда ол алғашқы әлеуметтік рөлдерді игереді, әлеуметтік мінез-құлық тәжірибесін алады. Отбасы – баланың дамуының, тәрбиесінің және әлеуметтенуінің ажырамас факторы. Баланың мектепке баруынан бастап, мектеп отбасынан кейінгі ең маңызды әлеуметтік институттардың біріне айналады. Отбасы өзінің әлеуметтену функциясын мектеппен бөлісе бастайды. Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бірі – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер. 

Қоғамның маңызды субъектілері ретінде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жеке тұлғаның дамуының басты шарты болып табылады.


Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тарихи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң әлеуметтiк-қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде күшейтiлуде.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады:
- оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі;
- мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі;
- оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады.
Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді:
- мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі;
- мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі;
- педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы;
- педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы;
- сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б.
Тұжырым:
1.Мектеп-мақсатты құрылған тәрбие үрдісін ұйымдастыру мекемесі ретінде баланы әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.
2.Әртүрлі мектептің типтеріндегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру міндеті бірдей болғанымен, оларды әлеуметтендіру жолдары әртүрлі жүзеге асырылады.
3.Мектеп тұлғаны әлеуметтендіруде қоғамдық ұйымдармен, отбасымен байланыста жұмыс жүргізгенде ғана әлеуметтендіру міндетін тиімді шешеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет