«Әкеге қарап ұл өсер...» Ер жігіттің тәрбиесіне халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз көп көңіл бөлген. Сондай бір жазбаларында былай деген екен:
«Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты».
«Әкеге қарап ұл өсер...» Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Ел тұтқасын ұстар ұлдарымыздың салиқалы, білімді, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, қайырымды болуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.
Бірде бір кісі жасқа толған баласын алып, данышпан кісінің алдына келеді де: «Баламды, қалай тәрбиелесем болады?» деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Сен бір жыл, тоғыз айға кешіктің» деген екен. Расымен де, бала тәрбиесі құрсақтан басталады.
1. 16 жаста сүйегің қатайып, дене мүшелерің толық қалыптаса бастайды. Сондықтан да шамадан тыс зілдей ауыр салмақ көтерме. Спортпен немесе өте көп күш жұмсауды қажет ететін іспен есіңнен танғанша айналысушы болма. Бұл сенің келешек өміріңе қатер. Әрқайсымен керегінше ғана айналыс.
2. Аузыңа арақ (немесе шарап) тамшысын апарушы болма. Темекі ұстап та, тартып та үйренбе. Ішімдіктің қаныңа әбден араласқан әрбір зәрлі мысқылы сенің жақсы өсіп келе жатқан дене мүшелеріңді күрт тоқтатып, бауыр, нерв жүйелерін тез тоздырып, сарытап бола бастайсың. Сөйтіп, түрің, дене мүшелерің мен денсаулығың жағынан өз қатарыңнан мүлде қалып, кейіннен дертті бола бастайсың.
Кеңестер 3. Ешқашан бір тамақты тоя жеуші болма. Бірақ, шамаң келгенше дұрыс тамақтан. Қазақ дастарқанындағы дәстүрлі тағамдарға қоса, мүмкіндігінше, жемістер мен көкеністерді молырақ қабылда. Ағарғанды (сүт, айран, ірімшік, құрт, қымыз, т.б.) дастарқаннан қалдырмауға тырыс. Беталды шәй ішіп, нан жей беру денсаулыққа өте зиян.
4. Өзіңнің әрбір күнгі уақытыңды алдын-ала нақты жоспарлап, атқаратын ісіңе қарай сағат-сағатқа бөліп үйрен. Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырушы болма.
5. Өз қатарыңмен (дос-құрбыларыңмен), ересек адамдармен (мұғалімдеріңмен, ата-анаңмен, егде кісілермен) осы бастан араласып, ашық сөйлесіп үйрене бер. Олармен араласып, еркін пікір алмасу кезінде өмірден жинаған азды көпті өз тәжірибелерің мен кітаптан алған білімдеріңді ептеп қолдана баста. Көрген білгеніңнен үнемі қорытынды шығара біл.
Кеңестер МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР: Адам болар жігіттің жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық
Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.
Жарлы болатын жігіт байталын атқа сатады,
Жалғыз болатын жігіт ағайынын жатқа салады.
Кемел жігіт кешірімді.
Жігітті намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Қорытындылай келе, Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған, бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қаламыз және аман сақтаймыз.