Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері



бет11/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Та ырыбы Отбасында ы балаларды адамгершілік т рбиесі. П ні Т

Қорытынды

Зерттеулер көрсеткендей, отбасы тәрбиесінде балалардың адамгершілік дәрежесіне басты әсер ететін маңызды факторлар:


-отбасындағы қарым-қатынас салты;
-ата-аналардың моральдық дәрежесі, оның әлеуметтік бағыты;
-бала тұрғысынан қарағанда беделі;
-ата-ана және отбасындағы басқа да тәрбиешілердің өмірде, іс-әрекеттің басқа да салаларында балалармен араласуы;
-отбасындағы еңбек салты; ата-аналардың педагогикалық мәдениеті; семья дәстүрлерінін салты, үй тұрмысынын, мәдениеті; отбасының тынығу, серуен салты; -отбасы ұжымының ұйымдасу дәрежесі; -ата-аналардың кәсіби және білім дәрежесі; -ата-аналардың жас дәрежесі; -отбасының материалдық жағдайы, оның құрамы.
Отбасы шырқындағы аталған факторлар оның тәрбиелік ықпал жасау жүйесінің салалары бола отырып, отбасы ұжымымының өзін де қалыптастыратын және әркімнің адамгершілігін аяғынан тұрғызатын компоненттер. Бұл компоненттер отбасындағы адамгершілік сипаттың белгілері, оның тәрбиелік аясы. Бұлардың ара қатынасын зерттеп, тәрбиелік ықпалдарын қарастырғанымызда, алдыңғы жетеуі ықпал жасаудың тікелей қатынасының компоненттері болып шықты да, отбасы тәрбиесінің алғашқы әсерлі құрал екенін көрсетті.
Қорыта келгенде, мұғалім әр жанұяның топтары шама-шарқына қарай, олардың өздеріне ғана тән ереншіеліктерін, отбасы өмірінің әр салалы жағдайларын есептей отырып, ерінбейтін дара жұмыс жүрг-зуі қажет.
Мұның өзіңде жаны таза жандардың бала тәрбиесіне жауапты қарап, өздеріңдей ұрпақ тәрбиелеп жатқан тәжірибелері кең насихатталып, әркімнің көз алдына қызығардай көрсетіліп отыруы абзал.
Сайып келгенде, бала бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қа-лыптастырып, орнқтыра беретін осы идеалдарды жақтап насихаттаушылар ғана емес, оларды өз бойынан керсететіндер, өздерінің азаматтық арын, ата-аналық салихалы сапаларын баларымен күнделікті қарым-қатынаста көрсетіп, моральдық үлгілерге бөлей беретін отбасылар.
Оқушыларға адамгершілік дұрыс тәрбие беру – қазіргі кезде мектептерде ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.
Отбасы аясындағы қалған факторлар жанамалы әсерлі жанұяның тәрбиелік ықпалының екінші жүйесі болып шықты. Сонымен қатар өте маңызды болып адамгершілік тәрбие беруде, баламен дұрыс қарым-қатынас құру, оның қызығушылық мүддесін дамыту, әсіресе үй шаруасына қатыстыру еңбегімен, қызықты ауыз әдебиет оқуымен, ата-ананың өзінің адамгершілік сипатымен бала үлгі болу және халықтық- өзіміздің қазақ салт-дәстүрінің негізіне сүйену. Осы тұрғыдан қалыптастыру эксперименттінде қойылған міндеттер атқарылып, болжам жүзеге іс ретінде атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет