Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі жан-жақты факторлардың рөлі



бет10/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Та ырыбы Отбасында ы балаларды адамгершілік т рбиесі. П ні Т

2.2 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі жан-жақты факторлардың рөлі.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларынынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.


Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойында тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қалмай, айналадағы дүниенің қалыптасуында да, инабаттылық мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата – анаға, айналадағыларға, ұжымға, коллективке, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Коллективтік қызметтің қоғамдық бағыттылығы балаларда өмір жақсара түсу үшін не істеуге болатынын байқау тілегін оятады. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш мектеп оқушысының бойында патриотизм, интернационолизм, жолдастық, адамгершілік сезімдерін, өмір шындығына белсенді көзқарасын, еңбек адамдарына терең құрмет сезімін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті – қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір – қасиет сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен – ақ басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез – құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез – құлықтарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде бастауыш сыныптан адамгершілік көзқарастардың, мінез – құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады. Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбие арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшіліктеріне бағдар ұстай, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де әлсіз және шектеулі болса да педагог соған сүйенуге тиіс. Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірінде өтіп жатады, мұнда ол адамгершілік ережелеріне, нормаларына, принциптеріне дағдыланады және олардың қажеттілігіне көзі жетеді.
Мектеп оқушыларының қандай да болсын қызметі айналадағдылардың қоғамдық мүдделерімен, қоғам өмірімен белгілі бір дәрежеде байланысты болса, ол оның адамгершілік қызметі болып табылады. Сөйтіп, адамгершілік бастама баланың бүкіл сан қырлы практикалық қызметіне, оның сезімдік және интелектуалдық сфераларына өзек болады. Балалар мейлі мектеп ауласында ойнап жүрсін, мейлі қалалық скверде еңбек етіп жатсын, мейлі тіпті оқушылар жиынын өткізу үстінде болсын солардың бәрінде де олардың жиынын өткізу үстінде болсын солардың бәрінде де олардың қызметінен адамгершілікке тәр немесе оған қайшы қасиеттері көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілікке тәрбиелеуді тәрбие жұмысының айрықша бір тарауы деп те, тәрбие жұмысының кез келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбегін, ойынын ұйымдастырғанда, олардың адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамегршілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақстаттарының қандай екендігіне қарамастан мұғалімнің алдында әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұруда.
Адамгершілік қасиеті қалыптасуы үшін баланың дербес қимыл әрекеттерінің ерекше маңызы бар. Оқушы тек мұғалім мен ересектердің нұсқауы және олардың қадағалауымен ғана қимыл-әрекет істесе, ол ең алдымен тіл алғыштыққа үйренеді. Тіпті бастауыш сыныптардың өзінде балаларға даяр шешімдерді айтып беруден аулақ болған жөн. Ондай әрекет тәрбиелеуді өмірмен байланыстырмайды. Сондықтан тәрбие процесі бала өз еркінше қимыл істей алатын жағдай болуы көзделетіндей етіп құрылуға тиіс. Мұндай жағдайлар өмір барысында өзінен - өзі қалыптасып жатады, оларды ойын үстінде, оқуда, еңбекте және творчестволық сабақтарда арнайы жасауға да болады. Қысқасы, бала өзіне бақылау жоқ, өзінен есеп беру талап етілмейтін жағдайда да дұрыс іс-әрекетке үйренуге тиіс.
Өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде қателеседі, дұрыс жасамайды. Тәрбиеші оның өз қателігінің адамгершілікке жатпайтынын түсініп, оған төзе білуіне көмектесуі тиіс, әлбетте оның теріс қылығын түзетіп қана қоймай, сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған жәйттін бағытын ойластырып, анықтауына да көмектесуі керек.
Мектеп оқушыларының өз құрбы-құрдастарының шағын топтарындағы қарым-қатынастары мен бірлескен іс-әрекеттерінің адамгершілік тәжірибені молайтудағы маңызы айрықша зор: мұндай топтарды педагогтің өзі арнайы құруы немесе олардың өзіне-өзі топтасу мүмкін:

Ондай микроколлективтер тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін: мәселен, кезекшілер, гүл өсірушілер тобы, ойын үшін біріккен балалар топтары. Шағын топта бастауыш класс мектеп оқушысы бәріне артық жайттарды жиі кездестіріп, тереңірек қабылдайды. Мұнда ол мұғалімнің көмектесуімен ғана емес, сонымен қатар өз бетінше басқа балалармен қарым-қатынас жасап, коллективтік іс-қимыл ұйымдастыра алады, мұнда оның өзінің қоғамдық мінез құлқын түсінуі жеңілірек болады.


Әркімнің өз басының адамгершілік тәжірибесі басқа адамдардың тәжірибесін жинақтырақ игеру үшін жағдай туғызады. Бұл тәжірибе балаларға адамгершілікті үйрету процесінде дамытылады.
Тәрбие процесі балаларға мінез бен қарым – қатынастардың адамгершілік жағын ұғындыруды қамтамасыз етуге тиісті. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелердің әрекеттерін түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін - өзі бағалауға үйренуіне мүмкіндік береді.
Барлық балаларды жетілдіруге бағытталған тәрбие процесі әр баланың жеке басының қасиеттерін негізге ала отырып, оның жетілуі үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек. Ортақ мұрат тәрбиенің қажетті ортақ мақсаты ретінде жеке адамның бойында индивидуальдық формаға ие болады. Тәрбиелеуді индивидуализациялау балалардың бойындағы ең жақсы белгілері мен қасиеттері көрінетін жағдайға жеткізу тиіс.
Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Адамгершіліктің дамуы – тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің өлшемі-тәрбие жұмысының пәрменділігі.
ХХІ ғасырға аяқ басып кірген шақта Қазақстан күрделі тарихи бет-бұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.
Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзедіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңа көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастыққа қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.
Республика білім және ғылым қызыметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:

  • Бүгінгі жастар осы заманның сынсышы да, тарихшысы да болғандықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;




  • Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

  • Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет