Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Бахасқа бола үйренбе, азырақ  бахас



Pdf көрінісі
бет191/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   393
Бахасқа
бола үйренбе, азырақ 
бахас 
көңіліңді пысықтандырмақ 
үшін залалды емес, көбірек 
бахас
адамды түземек түгіл, бұзады 
(Абай). 
Бақсы 
− 
ауруға басқа бір керемет күштердің («жын»−«пері») көмегі 
арқылы ем-дом жасаушы. Бақсы
«тәңірі» мен адамның арасын 
байланыстыратын сәуегей. Ол әруақтармен өзінің жыны, перісі арқылы 
жалғасып тұрады деген шаманистердің ескі нанымы болған. 
Қазақ тілінің 
түсіндірмелі сөздігінде: 
бақсы 
− 
әртүрлі тәсілдермен ауруларға ем-дом 
жасаушы, тәуіп. 
Дәруішті желөкпе, Ұқсатамын 
бақсыға. 
Ащы суға сылқиса,
 
Жатқыза бер жартыға 
(Нұртуған). 
Бақсы
сарын айтқанда аурудың иесін 
шақырып, оны сырлы сөз арқылы сескендіруге, түршіктіруге тырысқан. Ол 
адамның дерті мен бірге мал індетін де емдейтін болған 
(«Қазақ әдебиетінің 
тарихы»).
Қазақта «ауруды бағу» дегендегі «бақ» түбірі немесе біреуге 
бірнәрсе «бағыштау» дегендегі «бағыш» түбірі осы «бақсы» сөзімен түбірлес 
болу керек 
(Жұбанов К. Қаз. муз. күй. А., 1959, 118).
 
Бақсылардың
қинауынан 
ажалынан бұрын өлген адамдардың балалық шақта талайын көрдім 
(С.Мұханов, 
«Саяхаттар»). Бақсы
сөзінен 
бақсылық 
деген сөз туады. ...Мен 
бақсылық
құрып, қағу-соғуды жасаған адам емеспін 
(С.Мұханов).
Бақсы
ем-дом 
жасаушы адам, ал 
бақсылық 
− ем-дом жасаушы адамның негізгі жұмысының 
атауы, яғни белгілі бір кәсіп атауына айналды. Сол сияқты 
балгер
(балгерлік), 
емші
(емшілік) деген синонимдік қатарын да атап кетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет