Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет2/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   393
 
 
 
 
 
 



АЛҒЫ СӨЗ 
 
Көнерген аталымдардың мән-мағынасын ашу ана тіліміздің өрісін 
кеңейтіп, сөздік құрамның қазынасын молайтатыны сөзсіз. Тіл тарихына үңіле 
қарап, тарихи шығармалардағы көнерген аталымдарды келер ұрпаққа жете 
түсіндіру бүгінгі күннің міндеті болмақ. 
Болашаққа нық қадам басу үшін үнемі өткенді саралап, қажет еткенді 
жаңғыртып алған жөн. Қазақ ұлтының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы 
тарих сабақтастығы жөнінде: «Біздің заманымыз − өткен заманның баласы, 
келер заманның атасы», − деген еді [1, 13 б.]. Бұл ұлағат сөздің 
көнерген 
аталымдарға
да қатысы бар. 
Көнерген аталымдарды тілдік айналымға қайта енгізу арқылы, ана тілінің 
сөздік қорын байытуға өз үлесін қоспақ. Өйткені қазақ халқы өмір сүргеннен 
бергі тарихтан хабар беретін, қазіргі тіл қолданысында көнерген аталым болып 
табылатын сөздерді қайта тірілту − көнерген аталымдармен сөздік қорды 
толықтыру. 
Көнерген аталымдардың ішінде, соңғы уақыттары заман талабына сай
жалпы сипаттаудан гөрі жекелеген салаларына баса назар аударылып, көнерген 
аталымдардың мағыналық құрылымына, лексика-семантикалық топтарына
олардың қалыптасуындағы теориялық заңдылықтарына, ерекшеліктеріне т.б. 
аспектілеріне мән берілуде. Ал, осы тұрғыдан алғанда қазақ тіл білімінде 
көнерген сөздердің аталым тұрғысынан зерттелуі көнерген аталымға
қаншалықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер сөз болып 
көтеріліп, арнайы тақырып болып, табиғаты белгілі дәрежеде айқындалып
зерттелген емес. Сондықтан, көнерген аталымдардың осы тұрғыдан саралануы, 
айқындалуы – тақырыптың өзектілігі
 
мен маңыздылығын көрсетеді. 
Демек, халықтың тіл байлығында этнос болмысын танытатын тіл 
бірліктері, соның ішінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет