233
Телі-тентек
−
1) бұзақы, тәртіпсіз, есерсоқ, сотқар; 2) еркін, алаңсыз.
Телі
сөзінің
тентек
сөзіне «жабыса» келуінің екі түрлі уәжі бар сияқты: екеуі
де негізінен
«тәртіп бұзғыш, бұзақы, сотқар»
деген мағынаға ие. Екіншіден
«алаңсыз, еркін»
деген мағынаны білдіреді
(Сыздықова Р. Сөз. сөй. А., 2004).
Тоғыз үйді көтеріп тік. Кірер-шығар аузын біреу қылып, тойға ішкілік ішетін
телі-тентектерді
жина. Ақсақал, рубасыларын шақырма
(Нұртуған).
Тәпсір (тәпсир, тәфсир, тефсир, тапсыр, тәпсір, тафсыр)
–
1) түсіндіру, түсінік беру, ұғындыру; 2) діни. құранға түсінік беру; 3) мән,
мағына.
«Буаз деп майы барын мегзеді-ау» деп, Ұйғардым сөз
тәпсірін
бұл
жұмбақтың
(Ерімбет).
Ғабитханның
тәпсіріне
қарап, бұрынғы білген тілдерін
қайта құрастырып алды
(М. Әуезов).
Көңіліңе қараңғы емес, жарық шығар,
Тәпсирі
өз көңіліңе анық шығар. «Оранар ақ мамыққа мұны тапқан» − Дегенің
атың сенің Мамық шығар
(Шораяқтың Омары).
Жалпы феодализмнің даму
жағдайында ислам дінінің догмасын лайықтау әрекеті Абуханифтен (VІІІ
ғасыр) басталса, Соңыра оған құранға түсініктеме
(тәфсир)
беру әрекеті
қосылды
(М. Мырзахметов).
Ол түбір осы мағынада ХІІ – ХІІІ ғасырларға
жататын
тефсирде
де кездеседі
(С. Исаев).
«Тефсир»
− Ахмед Югнакидің бір
еңбегінің аты
(«Қазақ Совет Энциклопедиясы»).
− Әдеміхат, Нәһу, Лоғат,
Тапсыр,
Асул, Химия, Қисап, ғалымдар жазатын түрлі оқиғалы кітап
(«Мың
бір түн»).
Құран тарауларының мазмұнын және ондағы ескірген сөздердің
мағынасын түсіндіретін кітаптар
Достарыңызбен бөлісу: