107
Салып өт
сөз найзасын
тек туралап!
[Н.К]
.
Мұнда көне «найза» атауының ауыс мағынада метафораланып, «сөз
найзасының» уәжделуіне
өткірлік, кесіп түсерлік
қасиеттері уәж болған.
Метафора
арқылы қалыптасқан көнерген аталымдар – сапалық өзгеріске
түсіп, ауыс мағынаға көшкен, түптөркіні бұрынғы жалпы халықтық
қолданыстағы қазіргі тілде
көнерген аталымдар.
Тілдік метафораларды жеке зерттеу жұмысының нысаны ретінде алып
қарастырған профессор Б. Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы
қолданылуы» атты еңбегінде: «Тіл тарихын зерттеуде метафораның мәні зор,
оны сөйлеу мәдениетіміздің бір көрінісі ретінде, образды ойымыздың дамуы
мен қалыптасуын көрсететін элемент түрінде арнайы құрастыру қажет.
Метафора тілді байытады, оған бұрын болмаған жаңалықтарды енгізеді, бірде
бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі» − деп ой түйіндейді [138, 18 б.].
Зерттеуші тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы да көбінесе
метафораның негізінде пайда болатынын айтады. Осы пікірлерден, сөздің
мағыналық өрісіндегі бір мағынаның белсенділік танытып, жаңа атаудың ішкі
мағыналық құрылымындағы бейнені түзуі метафоралану арқылы жүзеге
асатынын байқаймыз.
«Көне сөздер − өте сирек қолданылатын, бірақ әлі тірі сөздер» [139, 104 б.]
деп Ш. Балли айтқандай, көнерген аталымдарды да әлі ұмыт бола қоймаған өз
мағынасына немесе олардың мағынасын жаңғыртып, сәл қосымша мән үстеп
қажетімізге жаратуға болады. Терминжасамның ішкі көзін құрайтын өзге
лексикалық қабаттармен қатар, қазір өте сирек қолданылатын көнерген
аталымдар да терминдер қатарын молайтуға өзіндік үлес қоса алады.
Майданға үш күн ұдайы шықты әскер,
Саны жоқ әскерінің қайысып жер.
Шыққаны патшалықтан жеті жүз мың,
Дулыға,
Достарыңызбен бөлісу: