108
Бұл термин тілде қазір сирек қолданыла
бастаған сөздің мағынасының
метафоралануы арқылы жасалған. Сөздің терминденуіне негіз болған екі
ұғымның өзара ұқсастығы. Яғни бір затты салып қоюға арналғандығы мен
қорғағыштық қызмет атқаруы
«сауыт»
сөзінің терминденуіне себеп болған.
Биологияда «кейбір жәндіктер (мысалы, шаян тәрізділер) мен жануарлар
денесін қаптайтын қатты жабын,
бірсыпыра балықтар, жорғалаушылар
(тасбақа, крокодил) және сүтқоректілердің денесін қаптап, оларды жауыннан
зақымданудан қорғайтын бөлігі», − деген ұғымды білдіретін
сауыт
термині
«оқтан, найза-сүңгіден сақтау үшін ертеде батырлар киген тор көзді темір
кіреуке», −
деген мағынаны білдіретін
«сауыт»
сөзінің терминденуі арқылы
жасалған.
Бұл жерде сөздің терминденуіне екі ұғымның қызмет ұқсастықтары негіз
болғандығы көрініп тұр.
Жәндіктер мен жануарлардың сауыты
оларды
жауын-шашыннан, зақымданудан сақтаса,
батырдың сауыты
оны оқтан, найза
мен сүңгіден қорғайды. Екі сауыттың да қызметі бір. Атаулардың алмасуы
көбінесе метафоралық жолмен қызмет ұқсастығы негізінде болатындығын
лексиколог ғалымдардың арасында айтып жүргендері бар:
Бұл туралы
Б. Қалиев өз еңбегінде былай дейді: «к
функциональным переносам относятся
такие переносы, в которых изменение значений слов происходит на основе
близости функций» [140, 45 б.].
Әртүрлі лексикалық қабатқа жататын атаулардың терминденуі де көп
жағдайда осы аталған ұқсастықтарға негізделеді.
Адамды қоршаған шынайы болмыс нысандары өзара байланыста,
үйлесімде немесе өзгешелікке құрылған. Осы байланыстарды бақылаушы да,
танушы да, зерттеуші де, бағалаушы да ең алдымен адам болғандықтан,
олардың көрінісі тілде бейнеленеді. Осы ретте, адам санасының, ойының ең бір
күрделі процесі ретінде метафоралы ойлау қабілетін айтуға болады. Шынайы
болмыс заттары мен құбылыстарына атау беруде кең қолданылатын метафора
тәсілі сөзқосым атауларының жасалуына да ұйытқы болады. Метафораның
аталым қажеттілігін өтеудегі белсенділігі тілдік жүйеде байқалады.
Күрделі сөздің жасалуындағы метафора құбылысының маңызы ғалым
Б. Қасым еңбегінде айқын дәлелденген: «Тілдік метафоралар –
туынды
сөздерде метафоралық қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесінде жаңа
лексемалардың пайда болуы. Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік
қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді» [64, 255 б.] − деген
ғалым пікірі жаңажасалымдардың туындауындағы метафораның қызметінің
маңызын көрсетеді. Тілдегі қолданыста бар тілдік таңбалардың мағыналық
өрісін пайдалана отырып жаңа ұғымға атау беру метафора арқылы жүзеге
асады. Сондықтан да, метафора – аталымның бір тәсілі ретінде терең зерттеуді
қажет ететін мәселе.
Әсіресе, метафоралану арқылы жасалған қолданыстық мағына – көнерген
аталымдардың көпмағыналылығында жиі қолданылатын құбылыс.
Бір кезеңдерде түрлі
мән беріліп, көркемдік және бейнелілік қызметте
қолдану нәтижесінде, қазақ тіліндегі көптеген көнерген аталымдар өзінің нақты
109
заттық, атауыштық қасиетке ие болған. Айталық,
байтақ
сөзі бұл күндегі әдеби
тілде «ұшы-қиыры жоқ, кең» деген сын есімдік мағынада қолданылады. Ал
Н. Кенжеғұлұлының шығармаларында
байтақ
сөзімен қатар
пайтақ
вариантында да кездеседі.
Он алтыншы ғасыр басында-ай
Достарыңызбен бөлісу: