121
КӨНЕРГЕН АТАЛЫМДАР ЛҰҒАТЫ
Еліміз тәуелсіздік алғалы өз тіліміз, дініміз өз тұғырына мықтап мінген
кезең басталды. Сөзіміздің алтын кені іспетті көнерген аталымдарды қайта
тілімізге енгізіп, ана тіліміздің сөздік қорын байыту ендігі міндетіміз болмақ.
Өйткені, қазақ болып жаратылғалы бергі тарихтан хабар беретін, қазіргі тіл
қолданысында көнерген болып табылатын аталымдарды тірілту – өткен
байлығымызды қайта қолымызға қондыру.
Қазақтың ауыз әдебиеті мұрасы көптеген шетел халықтарының тіліне
аударылып, дүниежүзілік маңызы бар асыл қазынаның қатарына қосылды.
Халқымыздың көне тарихы мен ерте кездегі мәдени жетістіктерінің айқын
айнасы болып табылатын осы асыл мұра білім ордасындағы жас ұрпақтың
сүйсініп оқитын, Отаны, туған жері жөнінде патриоттық сезімге бөленетін
тамаша шығармаға айналды. Ауыз әдебиет құндылығы – бүкіл адамзат
қауымына тән ізгілікті қасиеттерді, адамгершілікті дәріптей отырып, жат
қылықтарға, жауыздыққа қарсы күрес жүргізуі арқылы әділдіктің, шындықтың
кесапат күштерді жеңіп шығуы. Бұл түйін жалпы интернационалдық тәрбиеге
тән сипат. Осындай маңызы бар халық даналығының жемісі болып есептелетін
туындыларды оқығанда, оқушы жұртшылыққа түсініксіз көнерген аталымдар
кездеседі.
Халықтардың әртүрлі себептермен бір-бірімен үнемі араласып келгені
адамзаттың сонау көне тарихынан белгілі. Мұның өзі олардың тіл байлықтарын
арттыра түсуге үлкен әсер етіп отырған. Бұған барлық халықтың тілі, оның
ішінде қазақ тілі де куә. Демек, «таза тіл» деген жоқ, ол болмақ та емес.
Сөздіктің негізгі мақсаты – ақын-жыраулар шығармаларында, сондай-ақ,
мақал-мәтел мен нақыл сөздер құрамына (қазақтың төл сөздерінен, араб-парсы,
моңғол, шағатай тілдерінен) енген және мағынасы көмескіленген көнерген
аталымдарды мүмкіндігінше бір жерге жинап, түсіндірме беру.
Сондай-ақ, сөздікте көнерген аталымдардың шығармаларда қолданылуы
жайында көп варианттылығы анықталып, негізгі үлгісінің жанына жақша ішіне
сол сөздің варианттары ұсынылып отыр. Сөздіктің кей тұстарында көнерген
аталымдар мен көнерген сөз тіркестерінің синонимдік қатары шартты белгімен
(//) көрсетілді.
Сөздікті жасауда қазақ және орыс тілінде бұған дейін А. Ысқақовтың
редакторлығымен 1974-1986 жылдары «Ғылым» баспасынан жарыққа шыққан
12 томдық «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі», 1984-1989 жылдары «Мектеп»
баспасынан шыққан Н. Оңдасыновтың 2 томдық «Арабша-қазақша түсіндірме
сөздігі», Р. Сыздықованың 1980 жылы «Мектеп» баспасынан және 2004
жылдары «Арыс» баспасынан жарық көрген «Сөздер сөйлейді» еңбегі,
Б.Қыдырбекұлының 1993 жылы «Қазақ университеті» баспасынан шыққан
«Түгел сөздің түбі бір» еңбегі, «Киргизско-русский словарь» (1965),
«Персидско-русский словарь» (1959-1960), «Арабский-русский словарь» (1958),
«Узбекско-русский словарь» (1959), «Таджикско-русский словарь» (1955),
122
Достарыңызбен бөлісу: |