Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Адыра қал// адара қалғыр// әдіре қал!// әдіре қалғыр



Pdf көрінісі
бет151/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Адыра қал// адара қалғыр// әдіре қал!// әдіре қалғыр
– 
бөлініп қал, 
ажырап қал, айдалада қал!
Көне түркі халықтарының жазу ескерткіштерінде 
адырыл
– 
бөліну ажырасу, өлу
(отделяться, разлучаться, умирать) делініп 
түсіндірілген 
(Малов C.Е. Пам. Др. Тюрк. Письм. Мон. и Кир., М–Л., 1959, 89). 
Адыр
ұйғыр тілінде 
ажырау, бөліну
(Малов С. Е. УЯ, М-Л., 1954, 135)
. Қазақ 
тіліндегі 
айыр, ыдыра
етістіктерімен салыстырыңыз. 
а/ы, д/и/ж
дыбыстарының 
алмасуы түркі тілдеріне тән құбылыс. «Адыра қал!» деген тіркесте де бөліну, 
аулақтану мағынасы бар. Бұл тіркестердегі сөздердің мағыналарының бір-
біріне жақындығына қарай /бөліну-қалу/ қос сөз тәрізді. Якут тілінде 
адарый,
түбірі 
адар –
жан-жаққа шашырау, ыдырау, бөліну
дегенді білдіреді 
(Пекарский Э.К. І т. 1959, 29). 
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды 
адыра
сөзінің /түбірі адыр болуы мүмкін/ 
айыр, ажыра, бөл
деген 
мағыналарының барлығы байқалады 
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 9). 
Үйтіп 
көкігенше, 
адыра қал!
– Менің әкем, сендерге ұқсап, ұрлығын өтеу үшін қой 
бағып жүрген жоқ, 
адыра қалсаң,
өзің 
адыра қал!
(Ғ. Мүсірепов).
 
Адырна – 
садақтың оқ салып тартатын кермесі, атылатын оқты 
ұшыру үшін садақтың екі басын керіп, байлаған баулық. 
Бұл сөздің түбірі көне 
түркі тілдерінде кездесетін 
адыр-айыр, бөл, ажыра,
-на
жұрнағы есім, етістік 
тудыратын көне жұрнақ. Дыбыс еліктеуіш сөздерінен жасалған 
сар-сар/сарна/, 
тыр-тыр /тырна/
- мен салыстырыңыз. Тыңдап отырған сөзіміздің түп төркіні 


127 
де 
а-дыр /дыр-дыр/
дыбыс еліктеуіші болуы мүмкін. Өйткені садаққа оқты 
салып тартқанда кермеден дырылдап дыбыс шығатындығы даусыз. Сол дыбыс 
оқты ұшыратын садақ кермесінің атына ие болып, 
адырна/ айырғыш, 
ажыратқыш/ 
аталған тәрізді 
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 10)
. Атына тұрман 
болсам деп, Жұртына құрбан деп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет