Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Адырнасын  ала өгіздей мөңіреткен, Атқан  оғы Еділ-Жайық тең еткен  (Махамбет).    Ажайыпхана –



Pdf көрінісі
бет152/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Адырнасын 
ала өгіздей мөңіреткен, Атқан 
оғы Еділ-Жайық тең еткен 
(Махамбет). 
 
Ажайыпхана – 
музей, бірнеше заттардың сақталатын орны. 
Өзбек 
тілінде 
ажойбхона
 – музей
мағынасындағы көне сөз 
(УРС., М., 1959, 24). 
Өзбек 
тілінде 
ажойб
,
қарақалпақта 
ажайып
– 
ғажап, ғаламат, керемет, 
таңқаларлық, тамаша 
деген мағыналарды білдіреді. 
Хана
біріккен сөздердің 
құрамында кездесіп, 
үй, лашық, орын / асхана-ас үй

масадан қорғанатын орын
маса-хана/масахана
деп қолданылып жүр. Бұл сөздердің қазақ, қырғыз т.б. 
түркі тілдерінде де дәл осындай мәні бар.

Аждаһа_−'>Аждаһа 

 
1) халық қиялындағы аузынан от шашатын қанатты жылан 
бейнесіндегі мифологиялық ұғым; 2) ауыс. озбырлық, жалмауыздық, 
ыртқыштықтың бейнесі. 
Аждаһа
парсы сөзі – 
дракон (Малов С. Е. Лоб. яз. Ф., 
1956, 80).
Секілді осы өлім бір 
аждаһа,
Жібермей адамзатты шағып жатқан, 
Ешбір жан өлмей тірі қалмақ емес, Жан қалмас қияметте мақұлық аттан 
(Ерімбет).
Аузыңды 
аждаһаша 
ашып мұнша, Жұтуға көңілің болды ма 
шайнамай-ақ?! 
(Ерімбет).
Ұшырдық өрт салдық та Көкке күлін, 
Аждаһа 
тау 
жыланын тісін қағып 
(Қ. Аманжолов).
Тазарттық ластықтан Россияны, 
Аждаһа
– капиталдың басын қақтық 
(Ә. Тәжібаев).
Ажырғы
– 
жауыр малға байлайтын, салынатын ағаш.
– Сізге 
ажырғы
керек пе? – Сен 
ажырғыны
қой, атты дәрігерге көрсет 
(Ж. Досқараев).
Қытайдың ескі әкімшілік жазасының бірі – бұғау салғанда, екі тақтың қырын 
түйістіріп, жазалы адамның мойнына кигізіп, соған колотке мен кісеннің ұшын 
әкеліп, бекітетін болған. Соны қытайлар және соған көршілес қазақтар 
ажырғы
деп атаған. Бертін келе осы сөз жауыр атқа салатын 
мойын-ағаш
деген сөздің 
орнына қолданылған 
(Досқараев Ж. ҚТЖЕ., А., 1955, 8). 
 
Аза
– 
кісісі өлген қаралы үйге туыс-туғандарының я жақын-
жекжаттарының малдай не заттай апаратын көмегі.
Араб тілінде 
аза 
– 
/
обида, боль, неприятность, вред, ущерб, мучение/ қайғы-қасірет шегу, 
шығынға ұшырау, азапқа салу, әурелеу, ауру, реніш, зиян, шығын
деген 
мағыналарды білдіреді 
(АРС., М., 1958,33). 
Қазақ тіліндегі 
аза 
– зиян-
шығынның орнын толтырып, қайғы-қасіретті жеңілдететін жәрдем түріне 
ауысқан 
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 15).
Бастысы Сүйіндік, Байсалды болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет