Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


мүриттікке көп барған. Оның жүз бес  мүриті



Pdf көрінісі
бет287/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   393
мүриттікке
көп барған. Оның жүз бес 
мүриті 
болыпты. Соның ішінде ең 
жағымдысы Мәулім болыпты 
(Нұртуған).
Ә! Бұлай болса, керек енді сәлде, 
шапан киюге, 
Мүрит
болып ишанға бас июге 
(С.Торайғыров).
Имам 
хазреттерді күтіп алатын өздерінше дағдылы, тәрбиелі отырыс, кішілік 
отырысы Ишан, пірдің алдындағы 
мүриттер
бейнесіндей 
(М.Әуезов). 
 
Мүһмін 
− мұсылман дініне, Құдайдың бірлігіне анық сенуші, Құдайдың 
құлы. 
Араб тілінде 
маһн 
– 
қызмет қылу;
маһинун
– 
жалшы, жұмыскер
дегенді білдіреді 
(АРС., М., 1958, 984).
Жәңгір залым хан болып, Ол да 
«мүһмін»
дей ме өзін Құдіретке құл болып?! Қағазына патшаның «Бағынам» 
деп қол қойып?! 
(Нұртуған).
Тағаттың ең жақсысы үндемеген, Күнәға жақын 
болады көп сөйлеген. Молла-еке, кісі ақысын жеп көрдің бе, Бір 
мүһміннің
қиын дейді ақын жеген?! 
(Ерімбет).
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ. 
Мүһмін
болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ 
(Абай).
 
Мырза 
− қанаушы тап тобына жататын ақсаусақ байпатша, төре 
және оларды мадақтау ретінде айтылатын лауазым. 
Күндіз-түні жол жүрдім 
Жастыққа тимей құлағым. Сүйінші, шырақ, сүйінші! Сүйінші сұрап келіп тұр 
Мырза-ау
мына қонағың 
(Нұртуған).
Ұлығы Түркістанның Қожа Ахмет, бай, 
батыр, 
мырза
мен бек неше күшті-ай! Біз кімнің шікарасы, солар да өтті, 
Қылғаннан қылмағаймын бұзық істі-ай! 
(Ерімбет).
Арғымақ аттың құйрығы 
Әрі жібек, әрі қыл, Ер жігіттің белгісі, Әрі 
мырза,
әрі құл 
(Мақал). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет