35
анықтама береді [62, 191 б.]. Ғалым сөздің уәжділігін айқындауда, оның
дыбыстық тұрпаты мен лексикалық мағынасына назар аударамыз деп көрсетеді.
Сөздердің таңбалық сипаты мен лексикалық мағынасының арасындағы
байланысты зерделесек, туынды сөздердің көбінің таңбалық сипаты мен
лексикалық мағынасы арасында байланыстың барлығы көрініп тұрады,
сондықтан да олар уәжді сөз деп танылады. Тек олардың уәжділігі тура
мағыналы сөздердегідей бір денотатқа бағынбайды. Көнерген аталымдардың
уәжділігін анықтау үшін ауыспалы мағынаға арқау болып тұрған нысан белгісін
тану қажет болады.
Тіл бірліктерінің ішкі мағыналық құрылымы аталым процесінің өту
заңдылықтарының көрінісі болғандықтан, оның уәжділігін де көрсетіп тұрады.
Ол жайында М.Н. Янценецкая мынадай пікір айтады: «Внутренняя форма слова
– выраженных мотивировочный признак. Особенности ее строения,
определяемые закономерностями номинативного процесса, тесно связаны с
явлением мотивированности слова» [63, 17-33 бб.]. Демек, аталым процесі
заңдылықтарына сәйкес сөздің уәжділігі оның құрылымындағы уәждемелік
белгімен айқындалады. Сөзжасамдағы негізгі ұғымдар ретінде сөздің ішкі
мағыналық құрылымы, уәжділігі, уәждемелік белгісі барлығы да аталымның
жасалуын, оның мағыналық негізділігін сипаттауға қолданылады. Сөздің
мағыналық құрылымы аталым жасаудың негізгі категориясы болып табылады.
Ол туралы ғалым Б. Қасым: «Заттың күрделі атауларының мағыналық
құрылымы – көп жайттардың себебін, мәнін ашуға мүмкіндік береді. Демек,
ішкі мағыналық құрылым – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі
ұстанымы. Заттың күрделі аталымдары сыңарларының арасындағы мән-
мағыналық байланыс түрлері олардың уәжділік дәрежелерін көрсететін болса,
солардың негізінде екіншілік аталымның жасалуы, дәлірек айтқанда уәж түбір
және құрылымға, сол сияқты мағынаға тәуелді келеді» − деп анық көрсетеді
[64, 84 б.].
Тіліміздегі
өсімдік
атауларының
уәжділігі
жайында
жазылған
Ұ.Б. Әділбаеваның зерттеу жұмысында
Достарыңызбен бөлісу: