36
мағынасының өзгеруін тілімізде соңғы кезеңдерде бұрыннан сөздік қорымызда
бар атаулардың қолданыс аясы тарылып, бір кездердегі көнерген (архаизм)
делінген
аталымдар жаңа мағынаға ауысып, тілдік айналымға кіре
бастағанынан да көруге болады. Академик І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев: «Сөз
мағыналарының көпшілігі семасиологияның белгілі заңдылықтары бойынша
жасалады. Оның бастылары: ұқсату заңы (метафоралану);
функционалдық
семантика заңы, бөлшектің бүтінге айналу заңы; мағыналардың кеңеюі мен
тараюы» деген секілді заңдылықтардың негізінде жүзеге асатындығын
атайды
[66, 315 б.]. К. Аханов та жаңа жоқтан пайда болмайтынын, оның байырғы
тілде бар жалпы халықтық лексикадағы
лексемалардың мағыналарының
өзгеріске түсуінен жасалады деген түйін жасайды [20, 496 б.].
Уақыт өте келе сөздің атау болып қалыптасуындағы бейнесі, уәжі
солғынданып, тіпті, бұрынғы мағынасы тасаланып, ұмытылады.
Сондықтан
көнерген аталымдарды да басқа тілдік құбылыстардан ажырататын негізгі
белгілерін уәжділік теорияларына сүйеніп, анықтауға болады.
Аталған
ақындар
шығармаларының
лексикасындағы
көнерген
аталымдарды (архаизмдер мен историзмдерді) әңгіме еткенде,
объектіге екі
шамадан қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: