33
ортақ қызмет аясында біріктіреді тілдік жүйелікті көрсетеді, ал дәстүрлі
грамматикада грамматикалық бірліктер морфология, синтаксис салаларына
тарап кетеді. Осы соңғы айырмашылық мына бір жағдайды айқындай түседі:
функционалды грамматика дәстүрлі грамматиканы толықтырады, ол тілдік
тұтастықты, жүйелілікті толыққанды көрсете алады және де оның сөйлеу
тіліндегі қызметін ашады.
Толықтырушылық қатынас тілдік деңгейлердің
арабайланысынан көрінеді. Мысалы, морфологиялық шақ категориясының
формалары шақтық қатынасты осы шақ, өткен шақ, келер шақ деп жалпылап
білдірсе, оны нақтылай түсіп, мағынасын толықтыратын лексикалық, лексика-
грамматикалық бірліктер. Жеке тілдік деңгейлік тұлғалар өз алдына жеке-дара
қызмет етпейді, олар бірлесіп, бір жүйеге бірігіп, бірінің мағынасын бірі
түрлендіріп, толықтырып тілдің негізгі когнитивтік, каммуникативтік қызметін
атқарады.
Осы бағытта А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бірқатар
лингвистері
қазақ
тілінің
функционалды
грамматикасының
біраз
категорияларын зерттеу үстінде. Атап айтқанда, Б. Қапалбеков функционалды
грамматиканың негізгі категориалдық ұғымдарын, оның ішінде функционалды
грамматиканың бір аспектісі болып қалыптасқан функционалды-семантикалық
өріс ұғымын қазақ тіліне үйлестіре отырып, жұмсалымдық мағыналық өріс
тұрғысында зерделеуді ұсынады [53, 59-63 бб.].
С. Құлмановтың модальділік категорияның мүмкіндік, міндеттілік
субкатегорияларынан бастап функционалдық тұрғыдан зерттеуі
қазақ тілінің
осы бір аса күрделі категориясын түбегейлі, жаңа тұрғыдан толық зерттеуге
негіз болатыны айқын [54]. М. Жолшаева қазақ тіліндегі сипат-аспектуалдық
категориясын [55], А. Жаңабекова шақ категориясын [56, 141-144 бб.],
О. Жұбаева жақ-персоналдық категориясын [57] зерттеді. Бұл зерттеу
жұмыстары дами келе, қазақ тілінің
функционалды грамматикасын жасауға
ғылыми негіз болады, ономасиологиялық функционалдық бағыттағы тіл
білімінің теориялық дамуына атсалысады.
Қазіргі тіл білімінің даму үрдісінде, негізінен, тілдің танымдық қызметін
тереңінен зерделеп, дүние-болмыстың тілдік бейнесін түзген жалпытілдік
ауқымды концептуалдық семантикалық категориялардың жүйесін, оның ұлттық
табиғатын ашуға ден қоя отырып, тілдің коммуникативтік-прагматикалық
қызметін сонымен астастыра зерттеу өзекті болып отыр. Сондықтан да
функционалды грамматиканың басты мақсаты ретінде қай тілде болмасын,
алдымен оның негізгі тілдік категорияларын функционалды-коммуникативтік
өрістер тұлғасында жеке-жеке сипаттап алып, барлық тілдік категорияларды
мейлінше толық бір жүйеге топтастыра, бірімен-бірінің арабайланыстарын
айқындай отырып, олардың сөйлеу жүйесіндегі қызметін зерттегенде ғана тіл
табиғаты толық ашылмақ.
Қазақ тілінің барлық категорияларын функционалды грамматика негізінде
зерттеу қазіргі қазақ тіл білімінің ең бір өзекті мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: