Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік – есеп 3күн
Білімалушы:Жубанова Б
Күні: 27.11.2023ж
Р/c №
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқыпболған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
|
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
Практикамыздың 3 – ші күнінде тікелей жетекшіміз тексеріп, әр түрлі жұмыстар бөліп тапсырды
|
8:30
|
9.00
|
|
2.
|
Балалардың қызуын өлшеп, нәтижесін бақылау парағына жаздық.
|
9.00
|
10.00
|
|
3.
|
Ерте жастағы бала дамуын мониторингілеу
|
10.00
|
11.00
|
|
4
|
Дәрігердің тағайындауы бойынша балаларға дәрілік ерітіндісі салынған ингаляция апаратын бердік
|
11.00
|
12.30
|
|
5
|
Тікелей жетекшімізге жасаған жұмыстарымыз туралы мағлұмат беріп, тарадық
|
12.30
|
13.00
|
|
Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
Ерте жастағы бала дамуын мониторингілеудегі негізгі 10 қадам
Мақсаты: баланың нервтік-психикалық дамуын бағалау
1-қадам
Бала дамуының: физикалық, әлеуметтік, эмоциналдық, когнитивтік, коммуникативтік дамуы мен бейімделу дағдыларының не екендігін ата-анаға түсіндіру
2-қадам
Ата-ананың нені толғандыратындығы, ата-ананың баланың дамуы жайындағы алаңдаушылығы - дамуды мониторингілеудің маңызды элементі. Сіз төмендегі ашық сұрақтарды қоя аласыз: «Сіздің балаңыздың дамуы деп, сіздің балаңыз қалай қарым-қатынас жасайды, түсінеді, сөйледі, ойнайды, көреді, естиді, қимылдайды, оқиды және өзіне не жасай алады?»
3-қадам
Экспрессивті (ойын ашық айтады, сөйлейді) және рецептивті (сөздің мағынасын түсінеді, сөйлей алмайды немесе ойын жеткізе алмайды) - дамуды қолдау және мониторингілеу. Тіл дамуының тежелуі, бала дамуының бұзылысының жиі кездесетін және алғашқы белгісі болып табылады.
4-қадам
Бала қимылын: ұсақ және ірі қимылдарын мониторлингілеу және қолдау (тіреусіз отыру, еңбектеу, сүйеніп тұру, сүйеніп жүру ,өз бетімен тұру және өз бетімен жүру).
5-қадам
Баланың өз эмоцияларын басқару қабілетін мониторингілеу және қолдау (өз эмоцияларын зат берген немесе алған кезде қалай көрсетеді: қарапайым бірқалыпты жағдайдағы, жылайды немесе теуіп, ұрып-соғады, керегін осылай және т.б., яғни эмоциясын қалай көрсетеді)
6-қадам
Баланың қарым –қатынас жасауын мониторингілеу (ортаға тез бейімделеді, топқа қосыла алмай тұрып қалады немесе балаларды ұрып –соғады, қарым- қатынас жасай алмайды және т.б)
7-қадам
Баланың ойнауы мен өзара қатысуын мониторингілеу және қолдау (ойын тәртібін, түрлерін, кезекпен ойнауды, бауырларын ойната алуды біледі-қажет болса аяйды, ойын түрлерін көп білмейді, қарапайым кезекпен ойнауды меңгермеген –салқын, ешкіммен ойнамаған, «үлкендер ойынға мән бермеген», ойнай алмайды және өзара қатысуды білмейді - агрессия немесе жиі жеңіліс табу орын алады және т.б)
8-қадам
Қорғаныс факторларын және тәрбиелешілер қамтамасыз күтіп отырған қолдауды мониторингілеу - анасы, әкесі бала мен отбасындағы басқа мүшелердің, ортасының және өзінің мықты жақтары (ата-анасы мен баласының арасындағы мықты сүйіспеншілік, түсініктік және т.б)
9-қадам
Баланың дамуына қатер төндіріп отырған факторларды мониторингілеу ата-анасы мен отбасындағы басқа мүшелердің, ортасының және өзіне қауіп төндіріп отырған факторлар.
10-қадам
Жанұяның баланың дамуына қауіп төндіретін факторларды азайтудағы қолданған стратегиясын және қосымша қызметтің қажеттілігін мониторингілеу, келесі іс-әрекеттер жоспарын жасау.
Білім алушының қолы:Жубанова Б________
Кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі: Альмуханова З.Т
Білім алушы мадақтамалары мен жазалары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы:
"Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін өндірістік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |