Мақсаты: Студенттер арасында қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, «қызға қырық үйден тыйым»,-демекші қыз баланың инабаттылығын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу. Ұлттың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойынан табу, эстетикалық тәрбие беру арқылы көпұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, дүниетанымын құрметтеуге шақыру, Отансүйгіштікке баулу.
Байқауға қатысушылар: «Педагогика және психология», «Психология», «МДОТ» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері.
Байқаудың шарттары: «Мен қазақтың қызымын» (өзін-өзі таныстыру) 2 минут.
«Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді» (қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағнасын ашу) 2 минут.
«Қыз ерекем-кестесімен көркем» (қолөнерлерін дайындап әкеліп, оны қорғау) 3 минаут.
«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету: ән, би т.б) 3 минут.