«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің
5 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі
1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші :Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан қоян жылы мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән
2-жүргізуші : Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Сол қанатта тұрған 5, 6, 7сынып оқушылары, ал оң қанатта тұрған 8, 9, 10 сынып оқушылары. Бір бірімізге қошемет көрсетіп қояйық достар, қошыметтеріңізді аямаңыздар достар.
Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жакиенова Қ.Қ. береміз.
1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше және біз жеке оқушы болып емес, сынып бойынша өнерімізді көрсетеміз.
2-жүргізуші : Кешімізді бастамастан бұрын 2 оқушыны ортаға шақырамыз, олар - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сізге 15 минут уақыт беріледі. Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.
1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
1-ойын. 2 команда керек, әр командада 5 қатысушыдан . бірінші қатысушы қапшықты аяғына киіп межеленген жерге дейін секіріп барып қайтып келуі керек. Содан кейін кезек екінші қатысушыда, және солай жалғаса береді
2-жүргізуші: Қатысушыларға мың алғыс, орындарыңызға бара беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға 6-сынып оқушыларын бимен шақырамыз. Ал қалғандарымыз орындарыңызда билейік.
1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің бағанағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын.)
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
1-жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.
2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің келесі өнерпаздарын ортаға шақырамыз.
( ортаға 5 сынып оқушылары шығады.)
1 жүргізуші: Ал енді балалар, Аяз ата мен ақшақардың сендерге арнап әкелген ойындары бар екен. Қатысып жеңімпаз атанайық. Ортаға екі қатысушыны шақырамыз.