«Аяз атадан сыйлық»
Екі қатысушы бір-біріне қарсы тұрады. Олардың ортасына отырғыш, ал оның үстіне сыйлық қойылады. Аяз ата: «бір, екі, үш, он бес, төрт, алты...», - деп, кездейсоқ сандарды атайды. Аяз Ата «үш» деген санды айтқанда, сыйлықты кім бірінші алса, сол жеңеді.
2 жүргізуші: Аяз атамызға қызықты ойын үшін рахмет!
(8-сынып өнер көрсетеді)
«Ақшақарға жылы сөз»
Аяз ата сайысқа қатысуға ер адамдарды шақырады. Ол әр ойыншының кірпігіне шырпы орналастырады. Ал қатысушы Ақшақарды мақтап, жылы сөздер айтуы керек. Кім кірпігінен шырпы түскенше, ең көп комплимент айтса, сол жеңіске жетеді.
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.
1жүргізуші: Иа, достар, ортаға 9 сынып оқушысы Оспанова Арайлымды шақырамыз. Және бәріміз шыршаны айналып би билейік.
Аяз атамен Ақшақармен шыршаны айналып би билеу (Хоровод)
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге қағаздан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншы жеңімпаз атанады.
1-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе
10 және 11 сынып оқушыларын жаңа жылдық бимен қарсы алайық.
Жүргізуші:Той! Мереке! Салтанат!
Ұлдарымызға көп рахмет!
«Арқан тарту»
Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір - бірімен түгел арқанмен тартысады.
2-жүргізуші :
Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
«Аяз атадан сыйлық»
Екі қатысушы бір-біріне қарсы тұрады. Олардың ортасына отырғыш, ал оның үстіне сыйлық қойылады. Аяз ата: «бір, екі, үш, он бес, төрт, алты...», - деп, кездейсоқ сандарды атайды. Аяз Ата «үш» деген санды айтқанда, сыйлықты кім бірінші алса, сол жеңеді.
2 жүргізуші: Аяз атамызға қызықты ойын үшін рахмет!
(8-сынып өнер көрсетеді)
«Ақшақарға жылы сөз»
Аяз ата сайысқа қатысуға ер адамдарды шақырады. Ол әр ойыншының кірпігіне шырпы орналастырады. Ал қатысушы Ақшақарды мақтап, жылы сөздер айтуы керек. Кім кірпігінен шырпы түскенше, ең көп комплимент айтса, сол жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |