Өтетін уақыты: 2023 жылы 01-07 ақпан күндері аралығында



Дата14.09.2023
өлшемі15 Mb.
#107202
Байланысты:
ЕРЕЖЕ -2023 (1)




2-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН «АЛТЫН ҰРПАҚ-2023» ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ


ӨТЕТІН УАҚЫТЫ:
2023 жылы 01-07 ақпан күндері аралығында http://bilim-shini.kz/ сайтында 1 кезеңмен өтеді.
Ұйымдастырушылар: «Білім шыңы» орталығы, Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымы.
І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. “АЛТЫН ҰРПАҚ” зияткерлік олимпиадасы - педагогтың кәсіби деңгейінің артып,
біліктілік санатының өсуіне, оқушылардың білімдерін тереңдетуге, білімге деген құштарлығы мен ізденісін арттыруға, мұқияттылық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, логикалық ойлау өрісін жоғарылатуға, инттеллектуалдық деңгейін өсіруге үлес қосу мақсатындағы үлкен жоба.


ІІ. ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1. “АЛТЫН ҰРПАҚ” зияткерлік байқауына 2-11 қазақ және орыс сынып оқушылары қатыса алады.
2.2. 2-4 сыныптар үшін тапсырмада 30 сұрақ (дүниетану, жаратылыстану пәндерінен араласқан түрде) болады.
2.3. 5-11 сыныптар үшін тапсырмада 30 сұрақ (Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, география, жаратылыстану пәндерінен араласқан түрде) болады.
2.4. Жауап беру үшін барлығы 60 минут (1 сағат) уақыт беріледі.
2.5. Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды және кері қайтпайды.
2.6. Ата-ананың рұқсатымен білім сайысына қатысу ерікті.
2.7. Қатысу жарнасы – 500 (Бес жүз) теңге.


ІІІ. ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ:
3.1. https://bilim-shini.kz/kz сілтемесін басу арқылы сайтқа өту. (1 ақпанда ашылады сайтта олимпиада бөлімі)
3.2. ҚАТЫСАМЫН батырмасын басу.
3.3. Анкетаны қатесіз толтыру.
3.4. Жіберу батырмасын басу.
3.5. Төлем жасау беті ашылады, кез-келген төлем картасымен (ата-ананың рұқсатымен) төлем жасағаннан кейін Байқау тапсырмалары бірден ашылады. Сайттан шықпай, тапсырманы орындау шарт. Қатысуға төлем жасалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Ал егер де сайтта төлем жасау қиындық туғызған жағдайда, 8775 076 78 76 Бахыткүл Е. КАСПИЙ ГОЛД номеріне төлем жасап, төлем чекті және қатысушы оқушының ЖСН-н https://wa.me/77754037284 Жанна
https://wa.me/77013129906 Білім шыңы
вадсап номерлерінің біреуіне ғана жіберу қажет.
«ТІРКЕЛДІ» деген жауап келгеннен кейін тестке қатысуға мүмкін ашылады. Сабырмен күтесіз жауапты. Міндетті түрде жауап беріледі.
3.6. Тестті орындау аяқталған соң, дұрыс жауаптар саны шығады.
3.7. Нәтиже батырмасын басып, марапат қағаздарды сақтап алуға болады. Егер сақтап үлгермесеңіз. КӨМЕК дегенді басып, 8-ші сұрағына барып, жүктеп алуыңызға болады.
ІV. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ
4.1. Жеңімпаздар төмендегі шкала бойынша анықталады:
Бас жүлде –29-30 дұрыс жауап. МЕДАЛЬ + ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ+ жетекші мұғаліміне АЛҒЫС ХАТ
І орын – 25-28 дұрыс жауап. І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ+ жетекші мұғаліміне АЛҒЫС ХАТ
ІІ орын – 19-24 дұрыс жауап. ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ + жетекші мұғаліміне АЛҒЫС ХАТ
ІІІ орын – 10-18 дұрыс жауап. ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ+ жетекші мұғаліміне АЛҒЫС ХАТ
Орын алмаған оқушылар СЕРТИФИКАТ+ жетекші мұғаліміне АЛҒЫС ХАТ


V. АППЕЛЯЦИЯ.
Қатысушы оқушыда тапсырмаларға байланысты келіспеушілік туындаған жағдайда аппеляцияға бере алады. 13-шы ақпан күні 9.00-18.00. сағат аралығындаbilimshini.kz@mail.ru электронды поштасында қабылданады. Кері байланыс 15-ші ақпанда жасалады.
Сұрақтар туындаған жағдайда:
төмендегі Whatsapp номерлердің біріне ғана жазыңыз:
https://wa.me/77754037284 Жанна
https://wa.me/77013129906 Білім шыңы


ЕСКЕРТУ:
*** Ватсапқа жазған сұрақтарға кері байланысты сабырмен күту қажет. Себебі өте көп сұрақтардың болуына байланысты жауап беру операторлар үшін уақыт алады. 24 сағат ішінде сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Қайта-қайта жазбау қажет, хабарлама чатта жоғары жылжып кетіп, кері байланыс ұзаққа солып кетуі де мүмкін.

***Сайтта КӨМЕК батырмасында бірнеше сұрақтарға жауап алу қолжетімді.


Сертификат, Диплом, Алғыс хаттарды жүктей алмай қалған жағдайда,Олимпиада тапсырмаларын орындап отырып, байқаусызда сайттан шығып кеткен жағдайда, КӨМЕК батырмасына барып, мәселені шешуге болады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет