Майдан даласына айналған Қасиетті Рим империясының аумағындағы Отыз жылдық соғыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді: чех, даниялық, швед және франк-швед. Германия аумағынан тыс қақтығыстар жергілікті сипатқа ие болды (Испания мен Біріккен провинциялар соғысы, Орыс-поляк соғысы, Поляк-швед және тағы басқалары). Соғысқа қатысушылар екі үлкен коалициядан құралған. Бірінші коалицияға Орталық және Шығыс Еуропадағы Габсбург әулетінің иеліктері, Испаниямен біріккен Португалия, Польша және Рим папасы енді. Антигабсбург одағын Франция, Швеция, Дания корольдігі, протестанттық Германия, Чехия, Трансильвания, Венеция, Савоя кнзьдіктері, Біріккен провинциялардың республикасы құрады. Антигабсбург одағы Англия, Шотландия, Мәскеу мемлекетіның қолдауына ие болды. Вена мен Мадрид майдандағы әрекеттерін біріктіріп жүргізді. Отарларының арқасында байыған Испания императорды қаржыландырып отырды.
Соғыс ағымы
1)О. ж. с-тың 1-кезеңінде (1618 – 23) габсбургтер чех протестанттарының әскерін талқандады. Католиктік лига мен Испания әскерлері Пфальцті алды (1621 – 23).
2)Соғыстың 2-кезеңінде (1625 – 29) габсбургтік блок әскерлері Дания әскерлерін жеңіліске ұшыратып, оларды Германиядан қуып шықты.
3-кезеңде (1630 – 35) швед армиясы Солт. Германияға басып кірді.
Бірақ 1634 ж. Оңт. Германиядағы Нердлинген маңында испан әскерлерінен жеңіліп қалды. О. ж. с-тың соңғы кезеңінде (1635 – 48) Франция Германия жерінде габсбургтерге қарсы соғысқа шықты. Франция мен Швеция әскерлері бірлесе отырып бірнеше ірі жеңіске жетті. Габсбургтік блок жеңілгенін мойындады. Вестфаль бітімі (1648) бойынша Солт. Германиядағы кеме жүретін өзендердің сағасы Швецияға, Эльзастағы жерлер, сондай-ақ Мең, Туль, Верден Францияға берілді
Вестфаль бейбіт келісімі
Делегаттардың саны бойынша (135) Вестфаль бейбіт келісімі Еуропа тарихындағы ең ірі конгресс болды. 1645 жылдың қарашасына дейін болашақ делегаттар негізінен конгресті өткізудің шарттарын талқылаумен өткізді.1648 жылдың 24 қазанында Мюнстер мен Оснабрюктегі келісім Вестфаль бейбіт келісімі ретінде белгілі. 30 қаңтарда қол қойылған Мюнстер бейбіт келісі бойынша Испания мен Біріккен провинциялардың арасындағы сексенжылдық соғысты тоқтатты. Әлі шешімін таппаған Франция мен Испания арасындағы соғыс 1659 жылы Пиреней бейбіт келісімінен кейін аяқталды.