2)Франция Төменгі және Жоғарғы Эльзасты, Зунгдауды, Үш Епископтықты, Декаполисті пен Брайзах қаласын иеленді.
3)Швеция Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі басып алған территорияларды иеленді (Алдыңғы Померания, Бремен және Ферден архиепископтықтары, Висмар қаласы). Оларға соғыс шығыны ретінде 5 миллион таллер төленді.
4(Бранденбургтың құрамына Померанияның қалған бөлігі (Шығыс Померания) енді. Өтемақы ретінде Бранденбургке Каммин, Хальберштадт, Магдебург және Минден бииеленді.
5)Жоғарғы Пфальц Баварияға қосылды. Бавариялық герцог империялық князьдердің арасында үлкені болып тиеленді
6)Саксония Лузацяины иеленді.
7)Пфальцграф Карл-Людвигке (пфальц курфюрсты Фридрих V ұлы) Төменгі Пфальц қайтарылып, оған сегізінші курфюрст лауазымы ұсынылды.
8)Аббаттықтан құрылған Херсфельд князьдігін және Шаумбург графтығының бір бөлігі Гессен-Кассельге берілді.
9)Біріккен провинциялар мен Швейцария конфедерациясы Қасиетті Рим империясының құрамынан шығып, тәуелсіздік алды.
Вестфаль бейбіт келісімі
Реституциялық Эдикт және Прага бейбіт келісімі өз күштерін жойды. Шіркеу иеліктерінің шекарасы 1624 жылдың 1 қаңтарына сәйкес белгіленді. Қудалауға ұшыраған барлық князьдерге, қалаларға рақымшылық жасалды, соғыс кезінде саудаға қойылған барлық шектеулер жойылды. Рейннің бойында еркін кеме қатынасына рүқсат берілді. Бітім шартының құжатында әскерлердің демобилизациясы туралы ешқандай пункт болған жоқ. Бұл мәселелерді шешу 1649 жылдың сәуір айында Нюрнберг конгресі кезінде басталды.
Зардаптары
Ғалымдардың пікірлері бойынша адам шығыны 5-8 миллион шамасында болды. Көптеген аймақтар халқының 20-45 % айырылды. Германияда соғыстан, індеттер мен аштықтан ауыл халқының 40 %, ал қала халқының үштен бір бөлігі қайтыс болды. Майдан даласына айналған облыстарда (Мекленбург, Пфальц, Померания) халық саны 50 %, кейде 70 % кеміді. Вестфаль конгресінде швед әскеріне көптеген айыптар тағылды (бұзылған 2000 қамал, қиратылған 1 500 қала мен 18 000 ауыл, металлургиялық зауыттар мен мыс рудалары және т.б.). Медициналық статистік Ф. Принцингтің пікірінше, Германиядағы індеттерден қайтыс болғандардың саны майдан даласында қаза тапқандардан артық болды.