Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен (Қарағанды қ., Қазақстан) П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті (Омбы қ., Ресей Федерациясы) және Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық Статистика Бюросымен бірлесіп өткізелетін «Статистика» бойынша халықаралық олимпиада туралы Ақпараттық хат
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен (Қарағанды қ., Қазақстан) П. А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті (Омбы қ., Ресей Федерациясы) және Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық Статистика Бюросымен бірлесіп 30.11.2023 ж. жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушыларына (бакалавриат студенттері мен магистранттары) арналған статистика бойынша халықаралық олимпиада өткізеді.
Олимпиадаға қатысу ерікті және қатысушылар үшін тегін. Олимпиада тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Олимпиадаға қатысу жеке. Өткізу нысаны: қашықтықтан. Бір оқу орнынан 5-тен аспайтын білім алушы қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу үшін ЖОО-ры олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне 20.11.2023 ж. дейін (қоса алғанда) осы ақпараттық хаттың қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық түрде (word және түпнұсқаның сканерінде) statolimpiada@mail.ru. электрондық поштасына өтінім жібереді. Хаттың тақырыбында "Өтінім_ЖОО атауы_Қатысушының Т.А.Ә" көрсету керек. Өтінім берілгеннен кейін барлық қатысушыларға ұйымдастыру комитетінен қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіледі. Хатта қатысушыға қажетті ұйымдастырушылық ақпарат көрсетіледі.
Олимпиаданың ашылуы 30.11.2023 жылы Zoom-да өтеді.
Статистика бойынша Олимпиада екі тур бойынша өткізіледі.
Бірінші тур-Статистика курсынан сұрақтарды қамтитын тестілеу. Бұл тапсырманы орындауға бөлінген уақыт-30 минут. Әр қатысушы онлайн режимінде тестіленеді. Өтінімде көрсетілген электронды поштаға қатысушылар ұйымдастыру комитетінен тестілеуден өту үшін қажетті ақпаратты алады.
Екінші тур-статистика бойынша ситуациялық есептерді шешу. Екінші турда шешілетін есептер тек бірінші турдан сәтті өткендерге ғана жіберіледі. Бұл тапсырманы орындауға бөлінген уақыт - 2 сағат. Қатысушылар ұйымдастыру комитетінен қатысушының өтінімінде көрсетілген электронды поштаға ситуациялық есептерді алады. Тапсырмаларға жауаптарды қатысушылар электрондық түрде (word/ сканерде) statolimpiada@mail.ru. электрондық поштасына жібереді. Хаттың тақырыбында: "Жауаптар_ЖОО атауы_ қатысушының Т.А.Ә".
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар жеке біріншілікте жинаған балл санына байланысты I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Ұйымдастыру комитеті олимпиадаға қатысушыларды марапаттау үшін қосымша номинацияларды бекітуге құқылы. Ұйымдастырушылар олимпиаданың ашылу және жабылу материалдарын (фото/видео), олимпиаданың нәтижелерін әлеуметтік желілерде (сайттарда) ашық орналастыру үшін пайдалануға құқылы. Толтырылған және жіберілген өтінім осы олимпиаданы өткізу шарттарымен келісуді білдіреді.
Сұрақтар бойынша олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:
e-mail: statolimpiada@mail.ru.
Сыздықова Эльмира Асланқызы, тел. +77751865571, elmira5as@mail.ru
Сыздықова Динара Ибадуллаевна, тел. +77784592028, syzdykovadi@mail.ru
Біз сіздің қатысқаныңызға қуанышты боламыз! Қосымша
Қатысушылардың байланыс деректері (e-mail, телефон, пошта мекенжайы)
Білім беру бағдарламасы (немесе мамандық), курс
Ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, лауазымы, кафедрасы, ЖОО
e-mail, телефон, пошта мекенжайы
1
қатысу тілінде:
ағылшын тілінде:
қатысу тілінде:
ағылшын тілінде:
қатысу тілінде:
ағылшын тілінде:
Бір оқу орнынан қатысушылар саны 5 адамнанаспауға тиіс.
Өтінім (word + түпнұсқа сканері): statolimpiada@mail.rи e-mail-не жіберіледі. ______________факультет деканы
немесе
_________ кафедра меңгерушісі _________ ________________
қолы Т.А.Ә. мөр
Өтінім берілген күн _________