Өткізгіштіктің нашарлау механизмін сәйкестендіру



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11655
1   2   3
10.36. сурет. Қыртыс-коллектор өткізгіштігінің нашарлау механизмдерін эксперименталды зерттеуге арналған қондырғының принципиалды схемасы.

ПЕТРОФИЗИКА. КОЛЛЕКТОРЛАР-ЖЫНЫСТАРДЫҢ ҚАСИЕТІ.



10.37. - сурет. Өткізгіштіктің төмендеу коэффициентінің өзгеру сипаты коллектордың зақымдану механизміне көрсетеді [19].
Ол жекелеген тесіктердің бітелу механизмінің айқындалуын білдіреді. 10.39.- суретте 10.38-ші суреттегі кестені құрастырған кезде пайдаланылған деректерге де арналған декартты координаттардағы уақытқа к/к0 тәуелділік кестесі берілген. Теңдеу кестелері болып табылатын 0,5 % бен 1% ластануға сәйкес келетін екі түзу, жекелеген тесіктердің бітелу механизмінің әрекетін көрсетеді. 10.40. суретінде 10.37 суретте көрсетілген сүзгіш қабықтың түзілуіне сәйкес келетін екі қисықты құрастырғанда пайдаланылған сол деректер бойынша құрастырылған уақытқа к0/к тәуелділік кестесі берілген. Осы суреттердің талдауынан флюидтің ластануының өте жоғары деңгейінде (3% немесе одан көп), 10.26 теңдеуімен сипатталған қабықтың түзілу механизмі көбірек болады. 10.41 суретінде қатты бөлшектердің көлемі мен маңызының тесіктердің біртіндеп толу механихміне әсері көрсетілген. Бөлшектердің ірі көлемдерінде және олардың жоғарғы маңызында осы механизмнің әрекет ету кезеңі кәдімгідей қысқарады және, осының салдарынан, қыртыстың коллекторлық қасиеті үшін неғұрлым кері әсер ететін жеке дара тесіктердің бітелу механизмі тез үстемдік ете бастайды.

Осы нәтижелердің негізінде, сонымен қатар бұл жерде ұсынылмаған басқа да эксперименттердің негізінде, Войтанович пен басқалар келесідей қорытынды жасады [19]:

1. Шын мәнінде ұңғымалық сұйықтықта қатты бөлшектерді толықтай жоқ ету мүмкін емес болуына байланысты, тесіктердің біртіндеп толу механизмі іс жүзінде үнемі жұмыс істейді. Осы механизмнің әрекетін келесілер көрсетеді:

(а) параболалық заң бойынша коллектордың өткізгіштігі азаяды;

(b) жынысқа бөлшектердің тереңдеп енуі;

(с) қыртысқа енетін бөлшектер көлемінің біртіндеп кішіреюі. Осы механизмнің әрекет етуінің ұзақтығы жұмыс ісстейтін ұңғымалық сұйықтықтағы қатты бөлшектердің көлемі мен маңызына байланысты болады.



ФЛЮИД-ЖЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ



10.38. сурет. Сырттан қатты бөлшектермен енгізілген «тесіктердің біртіндеп толуы» тұрпатындағы коллектордың зақымдалу механизміне көрсететін уақыттан КСП тәуелділік кестесі (эксперименттің ерте деңгейіндегі түзусызықты)



10.39. сурет. Сырттан қатты бөлшектермен енгізілген «жеке тесіктердің толуы, немесе экрандалуы» тұрпатындағы коллектордың зақымдалу механизміне көрсететін уақыттан КСП тәуелділік кестесі (эксперименттің кешіккен деңгейіндегі түзусызықты) [19].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет