Өтпелі тақырып: Балабақша (Қыркүйек ) 1апта «Менің балабақшам»


Қоршаған ортамен танысу Тақ



бет3/14
Дата11.03.2023
өлшемі90,19 Kb.
#73422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1.Қоршаған ортамен танысу
Тақ:Мен және менің достарым. Өзінің есімін,тегін атай білуге жаттықтыру.
Адамдармен өзара түсінік,қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Топта ғы балаларды атымен атауды үйрету, тілдерін дамыту.
Достық қарым –қатынаста бола білуге тәрбиелеу.
2 Орыс тілі:
Орыс тілі маманының жоспары бойынша.
3.Жаратылыстану:
Мақсаты: балаларға «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру; Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту. Баланың айналаны өзі танып-білуіне жағдай жасау. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.Сурет салу
Тақырыбы: «Досыма арналған орамал.»
Мақсаты: Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету,ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.Құрастыру
Мақсаты: Үлгі бойынша құрастыру, құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері, олардың бөліктері туралы білімді қалыптастыру, құрылыс материалдарын түсіне, пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету. Міндеттері: - құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері, олардың бөліктері туралы білімді қалыптастыру; - құрылыс материалдарын түсіне, пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету; - текшелерді бірінің үстіне бірін қоя білу, кеңістікті дұрыс бағдарлай алуға дағдыландыру; -ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
















Өтпелі тақырып: Балабақша (Қыркүйек )

ІІІ - апта «Менің отбасым »

Дүйсенбі: 17.09.2018ж



Сейсенбі: 18.09.2018ж



Сәрсенбі: 19.09.2018ж.



Бейсенбі: 20.09.2018ж



Жұма: 21.09.2018ж

1.Шығармашылық:
Музыка.
2.Коммуникация: Сөйлеуді дамыту

1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Таным: ҚМҰҚ



1.Шығармашылық: Музыка
2.Коммуникация: Көркем әдебиет
3.Таным:Жаратылыстану



1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Шығармашылық: Сурет

1.Денсаулық:
Денешынықтыру.
2.Шығармашылық:
Аппликация



1.Музыка:
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
2. Сөйлеуді дамыту.
« Менің отбасым»
Отбасы туралы түсінік беру, Әр балаға өз отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету.Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету. Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру.Үлкен-дерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.ҚМҰҚ:
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру .Таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету; заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.

1.Музыка:
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша

2.Көркем әдебиет:


Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету.
Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
3.Жаратылыстану:
Мақсаты: балалардың туыстық қатынастар туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынасқа түсу дағдыларын меңгерту. Отбасы туралы әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру; Өз отбасын құрметтеп сыйлауға үйрету.



1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.Сурет салу:
Түзу жолда, мен жүремін тура. Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығу- шылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Іздің әртүрлі пішіндерін байқату. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2. Аппликация:
Отбасындағы өзінен кіші інісіне түрлі түсті текше ойыншығын желімдеп жасап беруге, онымен бірге ойнауға үйрету.Текшелер туралы түсінік беру.Түстерді дұрыс ажыратуға үйрету.Әртүрлі көлемдегі төртбұрыштар қиып, текшелер жапсыруға үйрету.
Ойлау қабілеттерін дамыту және ұсақ қол маторикасын дамыту. Түстерді сәйкетіріп қолдана білуге назарларын аударту.
Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға және өздерінен кіші отбасы мүшелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу






Өтпелі тақырып : Балабақша

ІV- апта «Менің сүйікті ойыншықтарым»

Дүйсенбі: 24.09.2018ж



Сейсенбі: 25.09.2018ж



Сәрсенбі: 26.09.2018ж.



Бейсенбі: 27.09.2018ж



Жұма: 28.09.2018ж

1.Шығармашылық:
Музыка.
2.Коммуникация: Сөйлеуді дамыту

1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Таным: ҚМҰҚ



1.Әлеумет:Экология негіздері.
2.Коммуникация:
Орыс тілі.
3.Таным:Жаратылыс-у.



1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Шығармашылық: Сурет

1.Денсаулық:
Денешынықтыру.
2Әлеумет:
Құрастыру

1.Музыка:
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
2. Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы :Менің ойыншықтарым. Әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.ҚМҰҚ
Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру біліктерін қалыптастыру; таңертең – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру; тәулік бөліктерін ажырата және атай білу білігін – таңертең ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды осындай белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу

1.Экология негіздері.
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты:
Өздеріне үнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез- қүлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту.
Ойын барысында ойыншықтарға үқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу.
2.Орыс тілі:
Орыс тілі маманының жоспары бойынша.
3.Жаратылыстану:
Мақсаты: қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру. Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап, заттарды топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.



1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.Сурет салу
Тақырыбы: «Менің добым»
Балаларға спорттық ойындар жайлы түсінік беру.Дөңгелек пішінді заттарды салуға үйрету. Қарындашты дұрыс ұстай білу қабілеттерін дамыту. Тазалық нормаларын сақтауға тәрбиелеу.


1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2. Құрастыру
Мақсаты: құрылыс материалдарын тиімді пайдаланып ойыншық түрі автобусты құрастыру және оның басқа көлік түрлерінен ерекшелігін байқай білуге үйрет . Құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата отырып автобус құрастыра білуге үйрету;құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес орналастыра отырып басқа көлік түрлерінен ерекшелігін сезіне алу қабілеттерін дамыту; еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу .

Өтпелі тақырып: Алтын күз

Қазан I-апта: Жомарт күз

Дүйсенбі: 01.10.2018ж



Сейсенбі: 02.10.2018ж



Сәрсенбі: 03.10.2018ж.



Бейсенбі: 04.10.2018ж



Жұма: 05.10.2018ж

1.Шығармашылық:
Музыка.
2.Коммуникация: Сөйлеуді дамыту

1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Таным: ҚМҰҚ



1.Шығармашылық:
Музыка.
2.Коммуникация.
Көркем әдебиет
3.Таным:Жаратылыс-у.



1.Денсаулық:Дене
шынықтыру
2.Шығармашылық: Сурет

1.Денсаулық:
Денешынықтыру.
2Шығармашылық
Мүсіндеу

1.Музыка:
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
2. Сөйлеуді дамыту.
Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.Көкөністер мен жемістерді ажырата білу.
Табиғатқа қамқор болуға ,оны аялауға тәрбиелеу
.

1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.ҚМҰҚ
Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – щеңбермен таныстыру. Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер;шеңбердің түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.

1.Музыка:
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
2.Көркем әдебиет.
Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет