Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: Нан – өмірдің негізі екені туралы түсініктерін кеңейту. Жердің қамқорлықты қажет ететінін түсіндіру. Шығармашылыққа қызығушылығын арттыру. Бауырсақтын суретін салу.Балаларды диханшылардың көктем мезгіліндегі еңбегімен таныстыру, дайын нан дастарханға қандай жолмен келетінін мазмұнды суреттер, дидактикалық ойындар бойынша түсіндіру.
Өсімдікке өсіп – өсіп өну үшін ауа, су, жарық, жылу қажет екені туралы білімдерін дамыту.
Осы салада жұмыс істейтің мамандардын еңбегіне құрметпен қарауға, мейірімділікке тәрбиелеу
1.Дене шынықтыру.
Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша
2.Аппликация:
Тақырыбы:«Ас атасы – нан», «Бауырсақ»
Мақсаты:Балаларды ұн тағамдарымен таныстыру, оның пайдасы туралы әңгімелеу. Нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Ұн тағамдарын әртүрлі әдістер арқылы қиып жапсырту. Қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, саусақ қимылдарын дамыту.
Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.