Сөйлеу тілінің басқа элементтерінен (диалектизм, жаргон, арго сияқтылары) айырмашылықтары Орындаған: Қайкен Бибигуль, Меирманова Ажар, Мұқаш Дария
ҚТӘ-31 тобының студеттері
Жалпыхалықтық тілдің нормасынан ауытқыған әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, таралу шегі бар тілдік ерекшелік.
Жалпыхалықтық тілдің нормасынан ауытқыған әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақта ғана қолданылатын, таралу шегі бар тілдік ерекшелік.
Мысалы: Азан-таңертең; Дәу-үлкен; Әтір- иіс су, иіс май; Қамыр- іңкәл-жұқа нан-жайма нан-құлақ нан.
Диалектизм
Профессор Н.Т. Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілерді фонетикалық өзгешелікке – ш орнына ч, д орнына л айтылуына – қарап екі үлкен топқа бөледі:
Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстарындағы ш,д диалектілер тобы;
Мысалы: шикі, көпшілік, шүберек, шақпақ, қамшы; маңдай, таңда, тірідей, түндік, теңдік.
Қазақстанның оңтүстік және оңтустік-шығыс облыстарындағы ч,л диалектілер тобы.
Мысалы: чикі, көпчілік, чақпақ, қамчы; маңлай, таілай, тыңла, тірілей, түңлік, теңлік.
Грамматикалық өзгешеліктер
Қостанай облысының көптеген аудандарында көне есімшелік форма -мыш қоланылуы: жазылмыж – жазылған, айтылмыш – айтылған; -сы, -са қосымшасы орнына –шақ, -шек қолданылуы; алашақ – аласы, аласа; Оңтүстік-шығыстың көп жерлерінде бұйрық райлы етістіктің көпше 1-жағының қысқарған формалары –лы,-лі арқылы айтылуы: баралы – барайық, жүрелі – жүрелік т.б.
Лексикалық өзгешеліктер
Сөздердің айтылуы бірдей болғанымен, әр жерде әр түрлі мағынаға ие болуы: көрім – Талдықорғанда – әдемі, сүйкімді, Атырауда – жаман, жағымсыз мағынасында айтылады.
Нағыз лексикалық диалектизм - белгілі бір ұғымның, заттың әр жерде әр түрлі айтылуы: сіріңке, спешке, оттық, шақпақ, күкірт, шырпы, т.б
Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: Мысалы:бел – шабылған шөптің ізі, жолы; баспа – ілгек; баспахана – қастық, дұшпандық; баю – бату (күн туралы);
Басқа жерлерде лексикалық баламасыз кездеспейтін белгілі аудандарда ғана қалыптасқан сөздер болуы. Мысалы, оңтүстікте бау-бақшаның дамуына байланысты қауынның әр түрлі сорттарын білдіретін- күрбі, әңгелек, күләбі, торлама, құс-қауын.
Көрші отырған халықтармен қарым-қатынас нәтижесінде лексикалық өзгешеліктер пайда болуы. Мысалы, Жетісуда қырғыз тілінен қарма (ұста деген мағынада), кебентай (жұқа киіз шапан) т.б. Оңтүстік қазақстан облысында өзбек тілінен дезмал (үтік), мәйек (жұмыртқа) т.б.