ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2
100
Әбіләшімова Майра,
«Қоғамдық денсаулық сақтау», 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
м.ғ.к., доцент
Чуенбекова А.Б.
, «Нутрициология» кафедрасы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
АНА СҮТІМЕН ЕМІЗУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Ана сүті әсіресе, нәресте өмірінің алғашқы айларында және одан әрі екі жасына дейін теңдесі
жоқ қорек көзі болып табылады, себебі асқорыту ферменттерінің толық жетілмеуіне байланысты сәби
басқа тағамды қабылдауға дайын емес. Ал ана сүті бала ағзасындағы асқорыту мен заттек алмасу
ерекшеліктеріне толығымен сәйкес келеді. Одан басқа ана сүті мен оған дейін бөлінетін уыз жаңа
туған нәрестенің жатырдан тыс өмірінің жаңа жағдайларына бейімделуіне септігін тигізеді[1,3].
ДДҰ сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес, нәресте өмірге келген сәттен бастап ана сүтімен
ғана қоректенетін болса, онда жыл сайын 1,5 млн жуық баланың өмірін сақтап қалуға болады. Өмірін
сақтап қана қоймай,
олардың денсаулығын нығайтады, себебі ана сүті нәрестенің қорекке деген
қажеттілігін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге қорғаныстық сипаттағы және даму мен
талдамалы басқаруды реттеудегі кең ауқымды қызметтерді атқарады[2].
Зерттеу жұмысы Қызылорда қаласы перинаталдық орталықта босанған аналарға жүргізілді.
Арнайы сауалнама құрастырылып, алынған мәліметтер өңделді.
Зерттеу жұмысы барысында
ақпараттық-аналитикалық, социологиялық, статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелеріне тоқталатын болсақ, 1-6 ай аралығында емізулі бөпесі бар аналардың
көрсеткіші – 80%, 6-12 ай аралығында - 17%, 12-24 ай аралығында - 3% құрады. Емізуді сәтті бастау
үшін әйелдердің жүктілік кезінде ақпараттану деңгейінің маңызы зор. Ана сүтімен емізу туралы
ақпараттану деңгейі 90% құрап отыр,
бұл әрине емхана, перзентхананың медициналық
қызметкерлерінің үлесі болып табылады. Осындай ақпараттану деңгейінің жоғары болуына
қарамастан, перзентханада босанғаннан кейін сүт қоспасын бергендердің үлесі – 31% тең болды. Яғни
жаңа туған нәрестелердің уызға жарымау жағдайы, әрі қарай лактацияның қалыптасуына кедергі
жасалуын сипаттап отыр. Келесі сауалнама арқылы 6 айға дейін тек ана сүтімен емізетін
респонденттер - 46% құраса, сүт қоспаларын тұтынатын сәбилер көрсеткіші - 24%,
аралас
тамақтанатын сәбилер үлесі - 30%-ға тең болды. ДДҰ ұсынысы бойынша баланы ана сүтімен емізу
ұзақтығы 2 жас және одан да ұзақ уақытқа сәйкес келгені жөн. Осы тұста жоспарланған емізу
ұзақтығын бағалау мақсатында қойылған сауалнамаға 6 айға дейін емізетіндердің үлесі - 16%, 12 айға
дейін - 50%, 18 айға дейін - 24%, 24 айға дейін - 10% құрады. Емізу практикасы баланың ғана емес,
сонымен қатар ананың денсаулығына да жағымды әсер ететіні белгілі. Осы сұрақтың төңірегінде
аналардың ана сүтімен емізудің өзінің, баласының денсаулығына пайдасы туралы анықтағанда,
мынадай нәтижеге қол жеткіздік: жоспарсыз жүктіліктен қорғайтыны туралы - 44%,
психоэмоционалды күйді жақсартатыны туралы -50%
хабардар екені анықталды, ал қан кетудің
алдын алатыны және аналық, сүт бездерінің қатерлі ісіктерінің болдыртпайтыны туралы хабардар
аналардың көрсеткіші – 12% және 10% құрады. Балалары үшін: 50% құнарлы тамақ көзі, 24% -
иммунитетті нығайтуға септігін тигізеді, артық салмақтың алдын алады деп - 12%, балада анемияның
алдын алады деп - 8%, ой-өрісін қалыптастырады деп - 6% жауап берді.
Респираторлық жіті
жұқпалармен жылына 2-3 рет ауыратын сәбилердің көрсеткіші - 80%, ай сайын ауыратындар - 14%,
жылына 5-6 рет сырқаттанатындар үлесі – 6% құрады.
Жоғарыдағы алынған нәтижелерді қорытындылай келе, ана сүтімен емізу біздің ұлттық
дәстүрімізге тән құбылыс болса да, әлі де болашақ өскелең ұрпақтың денсаулығының іргетасын
қалайтын, қаражат шығынын қажет етпейтін қарапайым технологияны пайдалану туралы ақпарат пен
тәжірибелік дағдының жеткіліксіз екендігі анықталып отыр.
Емізу ұзақтығы артқан сайын,
иммунитеттің нығаюына, жіті респираторлық аурулармен, болашақта созылмалы жұқпалы емес
аурулар қаупінің азаюына, аналардың денсаулығын сақтап қалуға тигізетін
әсерін халық арасында
барынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айқындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: