ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет152/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

Список литературы 
1. Каприн А. Д., Рожкова Н. И. Доброкачественные заболевания молочной железы //М.: ГЭОТАР-
Медиа. – 2018. – С. 11-14. 
2. Непомнящих С. Ф. и др. Роль некоторых микроэлементов в метаболизме организма человека 
//Редакционная коллегия. – 2016. – С. 392. 
3. 
Rehman S, Husnain SM. A probable risk factor of female breast cancer: study on benign and malignant 
breast tissue samples. Biol Trace Elem Res. 2014 Jan;157(1):24-9.
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
99 
Бердібаева Альмира,
«Жалпы медицина» 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі
: м.ғ.к., доцент
 Чуенбекова А.Б. 
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, «Нутрициология» кафедрасы 
 
«COVID-19» ІНДЕТІ КЕЗІНДЕ ӨЗІН ОҚШАУЛАУ МЕН КАРАНТИН ЖАҒДАЙЫНДА 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАМАҚТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
COVID-19 індеті кезінде тамақтану факторы денсаулыққа қатысты проблемалардың алдын 
алуда маңызды рөл атқарады. COVID-19 вирустық инфекциясы пандемиясының басында 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин және өзін-өзі оқшаулау жағдайында халықтың 
денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі ретінде тамақтану факторын анықтады. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау 
жөніндегі Еуропалық бюросы маңызды және тиісті ережелер жинағын әзірледі. 
Өзін-өзі оқшаулау және карантин кезеңінде барлығы үйде, көбінесе жабық кеңістікте болады. 
Сонымен бірге адам қоршаған ортаның қолайсыз факторларына тап болады: үй-жайдағы ауаның 
ластануы, су, тамақ, тұрмыстық токсиканттарды қолдану (ауа бүріккіштері, жуғыш заттар, ыдыстар-
ды, едендерді жуу және т.б.), үнемі қорғаныс маскасын кию, физикалық әрекетсіздік жағдайы. Өзін-
өзі оқшаулау және карантин кезінде дұрыс тамақтанбауға әкелетін факторлардың ішінде ең 
маңыздысы тәбеттің бұзылуы немесе көбінесе бір нәрсені жеуге, тоңазытқышты жиі ашу 
құштарлығымен байланысты тамақтану тәртібі («тоңазытқыш синдромы»), әдеттегі қалыптасқан 
тамақтанудың өзгеруі жатады[1,2]. 
Зерттеу жұмысы өзін-өзі оқшаулау және карантин жағдайында болған кіші курс 
студенттеріне жүргізілді. Арнайы сауалнама дайындалды, сауалнаманың нәтижесін компьютерлік 
бағдарлама көмегімен бағалап, төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік. 
«Жұқпа кезінде дұрыс тамақтану қажет пе?» деген сұраққа респонденттердің 92% «ия» деп 
жауап берсе, «жоқ» деп 6%, ал «білмеймін» деп 2% жауап берді. «Тамақтану тәртібін ұстандыңыз 
ба?» деген сауалға жауап берушінің 55% 3- рет, 25% - 4-5 рет, 20% - 1 рет тамақтанғандарын 
мәлімдеді. Осы сұрақтардың негізінде кіші курс студенттерінің басым көпшілігі дұрыс тамақтанудың 
маңызы және тамақтану тәртібін ұстану арқылы иммунитетті нығайтуға болатыны туралы 
түсініктерінің бар екенін көрсетіп отыр. Дегенмен де, осы мәселелер төңірегінде коммуникациялық 
жұмыстарды жүргізу керек екендігін сипаттайды. 
«Физикалық жүктеме болды ма?» деген сұраққа оңтайлы жауап бергендер 38% болса, 62% 
физикалық жүктеменің болмағандығын айтты. «Тәбетіңізде өзгеріс болды ма?» сауалына 
респонденттердің 45% тәбеті жоғарылағандығын айтса, 35% керісінше төмендегенін, ал 20% 
өзгеріссіз болғандығын мәлімдеді. «Салмағыңызда өзгеріс болды ма?» сұрағына жауап берушілердің 
33% қосқанын, 21% азайғанын, 18% өзгеріссіз қалғанын бяндаса, ал 28% білмейтіндігін білдірді. 
Нәруыздың көзі ретінде ет, құс етін тұтынғандар -40%, сүт және сүт өнімдерін -26%, бұршақ 
тұқымдастарды -12% пайдаланса, жұмыртқаны тұтынғандар -15%, балықты тұтыну көрсеткіші 7% 
құрады. Арнайы дәрумендерді тұтынған респонденттер -75% құрады, соның ішінде С дәруменін 
тұтыну көрсеткіші – 40% сәйкес келді. Күнделікті судың мөлшерін 2 литрден аса тұтынған 
студенттердің пайызы – 35% құрады, ал жемістер мен көкөністерді 65% пайдаланған.
Жоғарыда алынған мәліметтерді қорыта келгенде, өзін-өзі оқшаулау және карантин кезіндегі 
стресстік жағдай, физикалық белсенділіктің төмендеуі, әдеттегі режим мен тамақтану тәртібінің 
бұзылуы, салмақтың артуы бауырдың және басқа детоксикация мүшелерінің, сонымен бірге ағзаның 
антитоксикалық белсенділігінің төмендеуіне, иммунитеттің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының 
жұмысының бұзылуына, созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет