Кілт сөздер: биотехнология саласы, биоремедиация, молекулалық биология, гендік инженерия,
биокатализ.
Кіріспе Адамзат баласы қай уақыт аралығын алып қарасақ та, табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның
қойнауындағы сарқылатын байлықтарын пайдаланады және сол өз тіршілігі арқылы белгілі бір мөлшерде
қоршаған ортаға әсер етеді. Осы қоршаған ортаға адамдар жоспарлы түрде әсер ету мақсатында әлемге
экобиотехнология ғылымын шығарды. Бұл ғылым саласының негізгі мақсат мүддесі - қоршаған орта
экологиясын сақтайтын жаңа жолдар табу арқылы қоршаған ортаны қорғау. Экобиотехнологияның басқа
ғылым салаларынан артықшылығы - осы қоршаған ортаға үлесін тигізу аркылы адамзат баласының
денсаулығына және басқа да түрлі мәселелерін шешуінде.
Жұмыстың мақсаты Экология мен биотехнология саласын ұштастыра отырып, өзара байланысының маңыздылығын
көрсету, зерттеу арқылы қоршаған ортаны қорғауды қолға алу, биотехнология әдістерін жіктеу. Болашақ
мамандардың биотехнология саласы туралы түсіну қабілетін қалыптастыру.
Әдістер мен материалдар Биотехнология саласында биоремедиация және де басқа әдістемелер процессінде қолданылатын
құрылғылардың барлық спектрін қамтитын санат. Биотехнологиялық әдістердің кезеңінде арнайы
аппараттар мен бірге озат технологиялар қолданылады. Оның көмегімен қоршаған ортаға үздіксіз пайда
беруге болады. Биотехнологияда кеңінен қолданылатын құрылғылар: Ферментатор, ферментер (биоректор)
BIOSTAT Cplus, BIOSTAT PBR 2 S, климаттық камера MLR-351H. [5]
Нәтижелер мен талқылау Биотехнология – алпауыт ғылымдар арасында енді дамып келе жатқан ғылымның бір түрі. Бұл
ғылымның дамуы көптеген бағыттардағы прогресті анықтап көрсете алады, мәселен, медицина, фармация
және ветеринарияны, түрлі-түсті металлургия және т.б. атап айтуға болады. Қазіргі таңда барлығына белгілі
болғандай, биотехнология мен гендік инженерия жетекші елдердің ұлттық экономикасын шыңдауда
орындарын ойып алып тұрған бағыттар деуге болады. Биотехнология – ол организмдерді қолдану арқылы
айналаға тың дүниені алып келу. [1]
Биотехнология қазіргі заманның туындысы емес, ол бұрындары қалыптасқан. Оның негізін қалаған –
Луи Пастер, дәл осы ғалымның ашуы кезеңінде биотехнологияның жандана дамып жатқан кезі болатын.
Оған дәлел – сол уақыт аймағында ферментация көмегімен глицерин алынды, сонымен қатар, вакцинология
негізі қаланды. Биотехнологияның міндеттеріне тоқталатын болсақ: ол тәжірбиелік қолдану мен өзіндік бір
мақсатта пайда болуы. Биотехнологияның дамуы дегеніміз - қоршаған ортаның да дамуы, себебі неғұрлым
бұл сала дамыған сайын айналаға да қауіп адамзат тарапынан азая түсетіні сөзсіз. Нақтырақ айтқанда,
табиғаттан алынуы қажет өнімдерді осы жаңарған замануи биотехнология арқасында да жасап өндіруге