Зерттеу мақсаты: Студенттердің дұрыс тамақтануын бағалау.
Зерттеу әдістері: Зерттеуді жүргізу үшін зерттеу нысан ретінде «Астана медицина
университеті» КеАҚ-ның студенттері (N=105) алынды, ал зерттеу әдісі студенттер арасындағы
сауалнама болып табылады.
Нәтижелері: Сауалнамаға қатысқан студенттердің басым бөлігі 5-курс студенттері (74,5%),
4-курс (13,7%), қалғаны 1-3 курс студенттері. Студенттер арасында жүргізілген дұрыс тамақтану
деңгейін сауалнама бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижесінде келесі ақпараттар алынды:
студенттердің көпшілігі (55,8%) өзінің денсаулығын жақсы, өте жақсы (15,4%), қанағаттанарлық
(23,1%), нашар (5,8%) деп бағалайды. Студенттердің ішінде кейбір студенттер (28,8%)
жиі шаршау,
стрессті, ашушаңдық, күйзелісті жағдайда болады. Бұл студенттердің жартысына жуығы (42,3%)
өзіндегі шаршау, ашушаңдық, стрессті жаңдайларды дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады.
Сауалнама барысында студенттердің тамақтанумен байланысты қандай ауруларды басынан
өткергендігі және дәл қазір қандай да бір созылмалы аурулардың бар жоқтығы анықталды.
Студенттердің 38,5% теріге қатысты шағымдар немесе аллергия, 32,7% асқазан-ішек
жолдарының жіті ауруларын, 17,3% тамақтан улануды басынан өткерген. Ал 38,5% анемия
(теміртапшылықты, В12-тапшылықты, фолийтапшылықты), 15,4% асқазан-ішек жолдарының
созылмалы аурулары, 3,8% семіздікке шағымданады. Зерттеу барысында студенттердің басым
бөлігі (59,6%) университетте 4-6 сағат уақыт өткізетіні, қалғаны (17,3%) 6-8 сағат, төрттен бірі
(23,1%) күнінің 2-4 сағатын оқуға арнайтыны анықталды. Бұның студенттердің тамақтану режиміне
де әсер ететіні белгілі. Өйткені, студенттердің 28,8% күніне 1-2 рет, 11,5%-ында нақты режим жоқ,
яғни әр күнде әр түрлі тамақтанады. Дегенмен, 51,9% уақытылы күніне 3-4 рет тамақтануға
тырысса, қалғаны (7,7%) күніне 4-5 рет жиі тамақтанады. Астана медицина университетінің
студенттері арасында жүргізілген сауалнама барысында білім алушылардың таңғы асқа дұрыс көңіл
бөлмейтіні де белгілі болды. Себебі, олардың жартысына жуығы (46,2%) кейде, төрттен бірі (25%)
сирек таңғы асқа уақыт бөледі.
Студенттердің рационының тұрақты еместігінің дәлелі студенттердің айтарлықтай басым
бөлігінің (59,6%) түнгі уақытта тамақтануы болып табылады. Негізгі тамақ қабылдау, яғни тағы ас
пен түскі ас арасындағы, түскі ас пен кешкі ас арасындағы тіскебасар
қабылдаудың маңызы бар
екенін көптеген студенттер түсінеді. Олардың көпшілігі (40,2%) күніне 1-2 рет тіскебасарға уақыт
арнайды. Сонымен қатар, сабақ және демалыс күндері тамақтану рационының да айтарлықтай
(67,3%-ында) өзгеретіні анықталды. Мысалы, сабақ күндері таңғы ас 7:00 де болса, демалыс
күндері таңғы ас 10:00 мен 11:00 арасы немесе тамақтың құрамы, сабақ күндері жемістер болса,
демалыста таңғы ас ботқа немесе пюре болуы мүмкін. Сабақ уақытында студенттердің көпшілігі
(84,6%) университет асханасы, буфет, интернет-кафелерде тамақтанады. Осы ақпаратты негізге ала
отырып, студенттердің ең жиі қолданатын тағамы туралы ақпарат алғанды анықталғаны:
студенттердің 36,5% фаст-фуд өнімдерін, 21,2% жартылай дайын тағамдар, 26,9% газдалған
сусындар, 30,8% көкөністер, 55,8% жеміс-жидектер, 7,7% энергетикалық сусындар, 71,2% үй
жағдайындағы тағамдар тұтынады. Студенттердің айтуы бойынша басым бөлігінің(57,7%)