ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 94
тамақтану рационына қаржылық жағдайы әсер етеді. Десек те, студенттердің тең жартысы (50%)
дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсініп, тамақтану рационы мен режимін жақсартуға нақты
қадамдар жасаған.
Тәжірибелік маңыздылығы. Студенттерге қойылған дұрыс тамақтану туралы ашық сұрақ
бойынша, студенттер бұл ұғымды нақты рационды ұстану, нәруыз, май, көмірсу қатынасын ұстану,
таңғы асты уақытылы ішу, организмді қажетті компоненттермен, құнарлы тағаммен қамтамасыз
ету, қажетті мөлшерде макро- және микронутриенттердің түсуі, жыл мезгілдеріне сай көкөністер
мен жемістер қабылдау деп түсінеді. Сонымен қатар, студенттер тамақтануды жақсарту үшін
мынадай іс-шаралар өткізу керек деп ойлайды: тамақ рационын дұрыстау үшін тамақтануға
берілетін үзілістердің уақытын да ыңғайлау, университет асханасында жемістер мен көкөністері
мол тағамдарды көбейту десе, басым бөлігі дұрыс тамақтану бойынша студенттер арасында
семинар, конференция, марафон ұйымдастыру, онлайн желілерде видеороликтер тарату, түсінік
жұмыстарын өткізу қажет деп есептейді.
Қорытынды. Студенттер арасында жүргізілген зерттеу бойынша, студенттерде тамақтану
рационы мен режимінің дұрыс тамақтануға сәйкес еместігі анықталды. Сондықтан, студенттер
арасында дұрыс тамақтануға байланысты түрлі іс-шаралар өткізілуі керек. Ауру астан деп бекер
айтылмаса керек. Жастар біздің болашағымыз , сол себепті жастардың дұрыс тамақтануына мән
беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жиі жарыстар ұйымдастырып, бюджет
саласынан студенттік асханалардың сапасы мен бағасын ұйымдастыруға қаржылар бөлінсе дені сау
жастар көбейер еді.
Әдебиеттер 1.
Нутрициология: оқулық/Л.З.Тель, Е.Д.Даленов, А.А.Абулдаева, И.Э.Коман.-М.:Литтерра,2016.- 544б.
2.
Смирнова Елена Ивановна, медицина бойынша автореферат және диссертация:“Емдеу-алдын алу
мекемелерінде тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды
ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі”,2011ж.
3.
Гигиеническая оценка рациона питания: учебное пособие / С.К.Тарджибаева; Мин-во здрав. и соц.
развития РК, АО «МУА» - Алматы: Эверо, 2017 – 120с – Библиогр.: 117-119с.