Список литературы
1.Бактыбаева З.Б., Сулейманов Р.А., Валеев Т.К., Рахматуллин Н.Р. Оценка воздействия нефте-
перерабатывающей и нефтехимической промышленности на эколого-гигиеническое состояние объек-тов
окружающей среды и здоровье населения (обзор литературы) // Медицина труда и экология чело-
века.2018.№4(16).URL:
https://cyberleninka.ru/article/n/otsenka-vozdeystviyaneftepererabatyvayuschey
neftehimicheskoy-promyshlennosti-na-ekologo-gigienicheskoe-sostoyanie-obektov (дата обращения: 08.10.2021).
2. Potential Public Health Hazards, Exposures and Health Effects from Unconventional Natural Gas
Development/John L. Adgate, Bernard D. Goldstein, and Lisa M. McKenzie\Environmental Science &
Technology 2014 48 (15), 8307-8320 DOI: 10.1021/es404621d
3.Нефтепереработка[Электронныйресурс].–Режимдоступа
https://petrokazakhstan.kz/rus/pages/ 185.htm
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2
102
ӘОЖ:613.2-052:005.6:614.21(574.52)
Тарджибаева С.К., Керимкулова С.Ж., Кошерова П.А.
Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы
«Астана медицина университеті» КеАҚ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
«ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЕПМ-СІ ЖАҒДАЙЫНДА НАУҚАСТАРДЫҢ
ТАМАҚТАНУ САПАСЫМЕН ҚАНАҒАТТАНУ ДӘРЕЖЕСІ»
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі уақытта емдік-алдын алу мекемелерінде, ауруханаларда
науқастарға арналған медициналық көмектің сапасын жақсарту қажеттілігі күмән туғызбайды және
өзекті бола түсуде. Ал,соның ішінде емдік-алдын алу мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру-
медициналық көмектің,емдеу процесі сапасының ажырамас бөлігі болып табылады және негізгі емдік
іс-шаралардың қатарына кіреді. Бүгінгі таңда пациенттің медициналық көмекпен қоса алғанда,
тамақтануды ұйымдастыруға қанағаттануы оның сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде
қарастырылады [1].
Қазіргі уақытта медицинада адам денсаулығы мен оның тамақтану ерекшеліктері арасындағы
байланыс мәселелеріне үлкен рөл бөлінеді. ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы барлық
аурулардың шамамен 80% - ы тамақпен байланысты, оның ішінде 41% - ы тамақпен тікелей
байланысты деп санайды [2].
Ауруханалардағы тамақтану-науқастарды күтудің маңызды бөлігі және қалпына келтіруге
көмектесетін негізгі фактор болып табылады. Тағамның температурасы,тепе-теңдігі мен дәмнің
сапасына сай белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек. Жеткіліксіз тамақтануға байланысты
мәселелер аурухана тамақтандыруында күннен күнге маңызды бола түсуде [3].
Ал ауруханада ем қабылдап жатқан науқастар үшін ең басты нәрсе-олардың тамақтану режимі
бойынша уақытылы және жеткілікті түрде тамақтануы,емдік немесе профилактикалық мақсаттарда
арнайы жасалған рациондар мен әрүрлі мәзірлер,олардың тойымдылығы,тағам түрлерінің
әртүрлілігі,сонымен қатара сапалылығы [4].
Тамақ науқастардың қажеттіліктеріне сәйкес берілуі, жағымды ортада дұрыс ұсынылуы және
тұтынылуы тиіс. Ауруханадағы ас мәзірінің химиялық құрамы жағынан ауру түріне сай жасалып,
науқастардың талғамына байланысты ұсыналады. Сонымен қатар, аурухана жағдайында тағамды
дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге барлық жағдайлары жасалынып және медициналық
қызметкерлер жағынан көңіл бөлінуі тиіс. Бұлар да бірден-бір маңызды мәселе болып табылады [5].
Сондықтан да,қандай да бір ауруды емдеу барысында емделушінің тамақтану ерекшелігі
ауруды жеңуге септігін тигізетін болғандықтан, ауруханада емделіп жатқан пациенттерді дұрыс
тамақтандыру емдеу барысының басты мәселесі болып табылады [6].
Соған байланысты,науқастырдың үлестірілетін тағаммен қанағаттануы және оның сапасы
үнемі бақыланып отырылуы керек және өлшейтін құралдарды қолдана отырып белгілі бір жүйеде
мониторинг арқылы динамикасын байқап отыру керек. Бірақ, аталған әдіс ретінде өлшейтін құралдар
жоқтын қасы және олардың нәтижелері клиникалық хаттамаларға енгізілмейді. Сонымен қатар,
тамақтану қызметі туралы сауалнамалар аз болғандықтан жалпы сұрақтар қоюмен шектеледі және
пациенттердің объективті кері байланысы алынбайды. Алайда, осы сипаттамалар өте маңызды,
өйткені тағам сапасын жақсарту үшін науқастардың тағаммен қанағаттануын өлшеу медициналық
қызмет толықтығын білдіреді және медициналық менеджменттің негізгі көрсеткіштердің бірі [7-8].
Қазіргі уақытта мемлекеттік ауруханаларда тамақтанудың сапасына, мәзірдің,рационның
көптүрлілігіне,тамақтың мөлшеріне,тамақты беру уақытына, сонымен қатар персоналдардың тамақты
тарату барысындағы қызметке қанағаттанбаушылыққа көптеген дәлелдер бар. Мысалы, Денсаулық
сақтау жүйесі өзінің дамуының күрдеі кезеңін өткеруде, ұйымдастырушылық,құрылымдық,қаржылық
жоспарлау жағынан үлкен қиындық туғызатын мәселелер бар. Соның бірі болып:ауруханалардағы
ұтымсыз,теңгерімсіз және жиі жеткіліксіз тамақтану аталып өткен [9].
Бұл ретте тұрғындардың,науқастардың шағымдары маңызды болып келеді. Мысалы, 2019
жылғы «Жамбыл-адалдық алаңы» атты жобасы аясында облыстың медициналық мекемелерінің бас
дәрігерлерінің қатысуымен өткен кездесуде Тараз қаласының тұрғыны облыстық балалар
ауруханасына қатысты сын айтып шағымданып, тамақтандыру сапасының төмен екендігін айтып,
мәзірге назар аударуын талап еткен [10].
Азық-түліктің қанағаттануының әсері жәйлі бірнеше зерттеулер жарияланған, мысалы АҚШ
пен Канадада жүргізілген зерттеулерде науқастардың қанағаттануы мен қызметкерлерінің жұмысы
арасындағы тура байланыс бар екендігі көрсетілген [11]. Бұл саладағы зерттеулер біздің елімізде
санаулы ғана және зерттеулер осы аспектілерді сирек көтереді. Сонымен қатар, Жамбыл
|