ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 103
облысындағы Т.Рысқұлов аудандық ауруханасындағы науқастардың сол ауруханадағы тамақтануды
ұйымдастыруға,тамақтануға
деген
қанағаттану
дәрежесі
бойынша
да
жүргізілген
зерттеулер,дәлелдеулер аз. Сондықтан менің жұмысымдағы қарастырып отырған тақырып және осы
жолда зерттеулер жүргізу өзекті мәселелердің біріне жатады.
Зерттеу мақсаты: Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сы жағдайында науқастардың тамақтану
сапасымен қанағаттану дәрежесін анықтау.
Зерттеу мәселері: 1.
Емдеу профилактикалық мекемелеріндегі емдік тамақтануды ұйымдастыру жағдайын бағалау.
2.
Емдеу профилактикалық мекемесінде қолданылатын ас мәзір сапасын бағалау.
3.
Аурухана жағдайында ұсынылатын тағам сапасы мен қанағаттану дәрежесін аңықтау.
4.
Емдеу профилактикалық мекемелерінде емдік тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
беру.
Зерттеу жаңалығы: Алғашқы рет Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сы жағдайында емдік
тамақтану жағдайы зерттелініп, оны жақсарту мақсатында ұсыныстар берілді.
Тәжірибелік маңыздылығы: Алынған зерттеу нәтижелері Тұрар Рысқұлов атындағы емдік
профилактикалық мекеме жағдайында науқастардың қанағаттануы қарастырылып тамақтану сапасын
жақсарту кеңестері қалыптастырылды.
Жоспарланған зерттеу қатысушылары: Тұрар Рысқұлов атындағы ЕПМ-сі жағдайындағы
науқастар.
Зерттеу нәтижелері : Ауруханадағы тамақтандырудың деңгейі және оған емделуші
науқастардың қанағаттану дәрежесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмысында негізгі анықталған
нәтиже:Осы аурухана жағдайында науқастарға арналған тамақтандыру жүйесінің біркелкі еместігі;
Және де барлық тағамдық өнімдердің кей кездерде жеткілікті түрде болмауы;Сапасы жағынан
тағамдық өнімдердің орташалығы; Мөлшері, дәмі, мәзірдің әртүрлілігі жағынан да орташа деңгейде
болуы;
Осыған қарасты, ем қабылдаушы науқастардың да көзқарастарының, қанағаттану
дәрежелерінің әртүрлі екендігі анықталып қорытындыланды. Т.Рысқұлов атындағы аудандық
орталық ауруханасындағы науқас адамдардың басым бөлігі (48%) ауруханада ұйымдастырылған
мәзірге, мәзірдегі тағамдардың әртүрлілігіне қанағат болып шықты. Алайда, қалған пациенттерді
ескеретін болсақ, 33,3%-жартылай қанағат екендігі, 16,7%-ының қанағаттанбайтындығы, 2%-ының
кей жағдайларда ғана көңілінен шығатын болып шықты. Жүргізілген зерттеулер бойынша аруханада
берілетін тағамдардың тойымдылығына қатысты емделушілердің көрсеткіштері мынадай: тамағы
тойымды дейтіндер- 150 пациенттен 66%, тойымсыз дегендер-6%, ал тамақ түріне байланысты деп
санайтындар-15,3%, кей кездерде ғана тойымды дейтіндер-12,7% адамды құрады. Зерттеу
жұмысының қорытындысы бойынша, тағамдық өнімдердің кей жағдайларда жеткіліксіздігі
байқалады. Мысалы, сауалнама бойынша алынған ақпараттарға сүйенсек, мәзірдегі ет пен ет
өнімдерінің, жеміс-жидектердің, балық және құс еттерінің мөлшеріне қатысты қанағаттану бойынша
пациенттердің басым көпшілігі үшін жеткіліксіз немесе әр кезде әртүрлі екендігі анықталды.
Мәселен, мәзірдегі ет пен ет өнімдерінің мөлшеріне емделушілердің қанағаттануын алатын болсақ,
алынған көрсеткіштер бойынша ет және ет өнімдері -48,7% емделуші үшін жеткілікті, 35,3%
емделуші үшін әр кезде әртүрлі мөлшерде, 7,3% емделушінің ет өнімдерін сирек тұтынатындығы,
сонымен қатар 8,7% емделуші қанағаттанбайтындығы анықталды. Осылайша мәзірдегі кей
тағамдық өнімдердің, немесе азық-түліктердің жеткіліксіздігі байқалды. Бұл ауруханада әрдайым
барлық тағамдық өнімдердің қолданыла немесе таратыла бермейтіндігін көрсетеді. Одан бөлек,
ауруханадағы тағамдарды уақытылы беру, балғын күйде таратуы, сонымен қатар астың ыстық немесе
жылы болуы да науқастар үшін маңыздырақ болып келмек. Осыларға қатысты қорытынды бойынша
тамақты уақытылы беруі негізінде: емделушілердің 49,3%-ы «өте жақсы» деп, 31,3%-ы «жақсы»деп,
19,3%-ы «орташа» деп санайды екен.Тамақты тарату кезіндегі астың жылылығы бойынша: 48,7%
емделуші «өте жақсы» деп, 33,3% «жақсы» деп, 18% «орташа» деп есептейді.Асты балғын күйде
таратуын анықтауда: 48% пациент үшін «өте жақсы», 30% үшін «жақсы», 22% үшін «орташа»
деңгейде екендігі белгілі болды.
Демек, қазіргі негізгі мәселе ауруханадағы ем қабылдаушы адамдар үшін тамақтандыру
жүйесінің әлі де болсын жеткіліксіз тұстарының бар екендігі, сонымен қатар науқастардың
қанағаттану дәрежесінің орташа деңгейде екендігі мәлім.
Ауруханадағы тамақтандыру жүйесінде азық түліктерден бөлек, келесі маңызды рөлді атқаратын
персоналдардың қызметі және де асхананың санитарлық жағдайы яғни, тазалығы бойынша зерттеу
жұмысының нәтиежелері мынадай екендігі анықталды:
Ас блогынан тамақты тарататын медбикелердің қызметі бойынша науқастардың қанағаттану
деңгейіне барлық аурухана емделушілерінің 100% дерлік көңілі толады екен.